Әр азамат өз құқығының қорғалатынын білуі тиіс

turdybek 2017-12-26 Қысқаша

«Өмір жолы» Қоғамдық қоры осы жылы қазан айында «Зорлық- зомбылықсыз өмір» атты жоба а...

Жарнама орны

23376262_641350206253706_4652209809850903656_n.jpg

«Өмір жолы» Қоғамдық қоры  осы жылы қазан айында «Зорлық- зомбылықсыз өмір» атты жоба аясындағы жұмыстарын бастап кеткен болатын. Қазақстандағы  АҚШ елшілігінің қолдауымен жүзеге асып отырған бұл жоба тұрмыстық жағдайда зәбір көрушілерді қорғау және оларға құқықтық- медициналық көмек көрсетуді мақсат етеді. Зәбір көрушілерле жедел түрде көмек көрсету үшін арнайы заманауи технологиялар қарастырылған.  Арнайы жасақтандырылған дабыл түймесін басу арқлы зәбірленуші өзіне жедел түрде көмек шақыра алады. Сонымен қатар қордың сайты 24 сағат бойы тұрмыстық жағдайда зәбір көрушілердің арыз- шағымын қабылдап, оларға заңдық тұрғыда көмек көрсетеді. Әрине, бір ғана қор осындай ауқымды жобаны жалғыз өзі жүзеге асыра алмайды. Сондықтан ҚР Бас прокуратурасы , ҚР ІІМ, мен «Қазақстан кризис орталығының Одағы», Тұрмыстық зәбір көрушілерге қолдау көрсететін мемлекеттік орталықтар, «RGL» ЖШС , «KT Cloud Lab» ЖШС, «Акцент Микросистемс» ЖШС секілді серіктестер осы жоба аясында ел азаматтарының құқығын қорғауға дайын отыр.

Азаматтық мемлекетте әр адамның құқығы қорғалуы тиіс. Сонда ғана біз дамыған әрі қуатты мемлекет жасай аламыз. Ең бастысы азаматармыз өзінің құқығын заңгерлер тарапынан барынша қорғауға дайын қоғамдық ұйымдар мен қорлар және орталықтар бар екенін білуі тиіс.

23561735_1518736781536836_8616971789112758282_n.jpg

Жоба 1 жыл бойы жалғасады. Отбасындағы озбырлыққа қарсы қауіпсіздік жүйесіне арналған заманауи технологияны пайдалануды Қазастан Республикасының Заңнамасына ұсыныс ретінде енгізу көзделіп отыр. Отбасындағы озбырлыққа негізделген қауіпсіздік жүйесі мен жедел  түрде көмек көрсету  қылмыстың қайталануын 50 % төмендетеді. Сондықтан бұл жоба негізінде зорлық- зомбылыққа қатысты  ҚР заңнамасын толықтыруға және өзгерту енгізуге мүмкіндік ашады. Өз кезегінде бақылау жүйесін түбірімен өзгертіп, мемлекеттік қызметкерлердің әрекет етуін жүйелейді. Аталмыщ жағдайға байланысты азаматтардың ақпараттануы өзгеріп, жағдай оң нәтиже бере бастайды. Сонда ғана азаматтар тарапынан құқық қорғау орындары мен ІІМ қызметкерлеріне  сенім бұрынғыдан да  нығая түседі.

                                                                       «Өмір жолы 24» Қоғамдық қорының

Бас директоры

Эрнар Нұрбеков 





          


Ерлан ҚАРИН: «БАҚ пен жаңа медианы бөліп қарау дұрыс емес»
Әлібек Ыдырысұлы: Генетика қызықты ғылым

Ұқсас тақырыптар