Асқар Жəкулин. ӨСИЕТ ХАТ

admin2 2018-02-02 Қысқаша

Жан жарым Жайна, балаларым Айдана, Айқұт, аға- жеңге, əпке-жезделерім: Бүгінге дейін елу...

Жарнама орны

vgirxKzRgtI.jpg

Редакциядан: Бүгін Жебеу республикалық қоғамдық бірлестігін құрушылардың бірі, заманымыздың атымтай жомарты Асқар Жакулиннің мәңгілік сапарға аттанғанына екі жыл толады. Қысқа ғұмырында өмір сүру мен отанды сүюдің өшпес өнегесін көрсеткен абзал азаматты еске ала отырып марxұмның Өсиеті мен сүйген жары Жайнаның енесі тұралы естелігін жәриялауды жөн көрдік. Отанды сүю отбасыдан басталады дегендей бұл екі мақаланың жастарға берер ғибраты мол деп білеміз.


Өсиет xат

Жан жарым Жайна, балаларым Айдана, Айқұт, аға- жеңге, əпке-жезделерім: Бүгінге дейін елу жыл өмір сүрдім, бұл өмір маған жомарттық жасады. Осы уақытта өмірдің қаншама тəтті дəмін таттым, сұлулығын сезіндім, бұл ғұмырға ризамын!

Менің сырқатымның сыры бəріңе мəлім, өмір үшін арпалысып, бар жігеріммен күресіп жатырмын, десе де өмірім өз қолымда емес қой. Бұл хатты жазып отырғаным менің өмірден күдер үзгенімнен емес, жауапкершілігімді сезінгенімнен. Ал өмір сүруге деген құштарлығымды тоқтатпаймын.

ppyS5tjUy2w.jpg

Осы жарты ғасырлық өмірімдегі мен үшін ең керемет оқиға ол, Қазақстанның тəуелсіздік алуы еді. Ал өз өмірімдегі үлкен шешімім, ол менің Қазақстанға қоныс аударғаным болды. Осы жерде жан жарыма алғыс айтамын, ол əрқашан менің қасымнан табылды, таңдауыма кереғар келген кезі болған емес. Егер оның қолдауы болмағанда өмірімнің қаншалықты қиын болатыны беймəлім еді. Біз Қазақстанда осынау тарихи Отанымызда бабаларымыздың атақонысын таптық жəне шаң басқан мұрағаттар ішінен аталарымыздың тарихын, іздерін аршып алдық, бұл біздің əулет үшін аса бағалы рухани байлық, мұны ерекше қастерлеуіміз керек.

ouZmKmHiQlY.jpg

Менің балалық шағым қиындықта өтті. Он жасымда əкем дүниеден қайтты, осы он жылда əкем түрмеде болды да əке махаббатына бөлену былай тұрсын, тіпті, əкеммен бірге түскен бір жапырақ сурет те қалмапты. Аяулы анам əке орнына əке, шеше орнына шеше болып, мені ержеткізді. Анам маған əкемнің жоқтығын білдірмеді, мені аялап өсірумен бірге, маған өз бойындағы биік рухын беріп, мені елім деп еңірейтін нағыз ер азамат болып шығуыма тəрбиеледі. Аяулы анашымның осындай мəпелеуінің арқасында менің өмірім мəн мағыналы мазмұндарға толы болды.

Осы сырқатқа шалдыққаннан бері мен өмірге жаңаша көзқараспен қарай бастадым, сендерге айтарым, өмірлеріңнің əр күнін бағалаңдар, əрбір татқан дəмін қадірлеңдер! Туыс-бауыр, дос-жарандарды сыйлап, аялай біліңдер, өмірдің бар мəн-мағынасы сонда.

Жайна екеуміз құлшына еңбек еттік, біраз байлық та жинадық, мұның бəрі екеуміздің қажырлы, берекелі еңбегіміздің жемісі. Жайнаның осы кəсібімізді жалғастыра дөңгелетуіне үміт етемін, қандай да бір адамдарға орынсыз сенім білдіріп, опық жеп қалмаса екен деймін.

jer7wHueK1w.jpg

Балаларымызды жақсы тəрбиелеуін тілеймін, ең маңыздысы екі баламыздың нағыз қазақ болып ержетуін, Қазақстанда өмір сүріп, Қазақстанның дамуына өз үлесінқосуын, қызым қазаққа тұрмысқа шығып, ұлым қазақтан келін алуын, əулетіміздің түтінін өшірмеуін үміт етемін, бұл мен үшін ең маңыздысы. Жан жарым Жайна, өмірімнің ең қиын сəттерінде қиыншылығымды бөлісіп, əрқашан жанымнан табылып, маған күш жігер беріп отырғаныңа рақмет. Өміріңнің кілті өз қолыңда, əрине мен сенің Қазақстанда өмір сүргеніңді қалаймын, дегенмен, қандай да бір шешім қабылдасаң да қарсы болмаймын.

Біз отбасымызда жеті ағайындымыз, Жайна біз олардың Қазақстанға келіп қоныстанып, өз жағдайларын жасауына көмектесуге міндеттіміз.

Жайна, Ақсуат менің атамекенім, менің тегімнің шыққан жері, осы ата мекеніме көмектесетін кездерде əрқашан қолың кең болсын. Атамекенімде өзіміз ұйымдастырған Жəкула атындағы биология жəне химия олимпиадасын жалғастырғаныңды жəне оны кейін Айдана мен Айқұтқа тапсырғаныңды қалаймын.

hoD1zkOPeaM.jpg

Айдана, Айқұт менің қолқа-жүрегім, бауыр етім, балапандарым, жандарым менің! Əкелеріңді кешіріңдер. Аналарыңа сүйеніш болыңдар, қамқор болыңдар, аналарыңның жанында болыңдар. Сендер бақыттысыңдар, өйткені, сендер өз Отандарыңда туылдыңдар жəне осында ержетесіңдер. Менің сендерді шексіз сүйетінімді əркез есте сақтаңдар! Сендерге Алла жар болсын!

Асқар Жəкулин, сағат 9:20.

Жапония. 2 тамыз, 2015 жыл.


Тәте

image.jpeg

Тəте – Асқардың анасы, менің енем (Бəтима Жəкулина (1928–2015) Шыңжаң əйелдер федерация директорының орынбасары, Шыңжаң КПЗК тұрақты комитетінің мүшесі.). 

Университеттегі кезімнен бастап мен Асқардың Тəтесі (Асқар анасын – тəте деп атайды екен) туралы перзенттік сүйіспеншілікпен əрі қадірлеген сезіммен айтатын əңгімелерін естуші едім. Оның айтуындағы Тəтесі былайша болып келетін: «Тəтесі ұлтжанды болған; Тəтесі қайсар болған; Тəтесі бір үйдің жалғызы болған; Тəтесі мақалалар жазады; Тəтесінің тілі өткір; Тəтесі əн салады; Тəтесі торт жасай алады; Тəтесінің жасаған палауының дəмі тіл үйіреді; Тəтесі Жиіркеншек; Тəтесінің талғамызор... Тəтесі тектінің тұқымы; екі бірдей атасы Шиң патшалығына елші болып келген; Тəтесі бес баланы бағып-қағып адам еткен; Тəтесі кадрлар мектебінен қайтып келіп, түнімен киім тігетін машинаны шарылдатып, үлкен балаларының киімін кішілеріне өзгертіп беретін, менің киімім басқаларда жоқ болатын; Тəтесі парасатты, сұңғыла адам болған; Тəтесі орыстың əндерінқазақ тіліне аударған; Тəтесі қытай, ұйғыр тілдерін өзі үйреніп алған; балаларының жұмысы деп, үйленулерін ойлап көрер таңды көзімен атыратын... Тəтем...». Міне, бұл Асқардың көкірегіндегі Тəтесі, теңдесі жоқ Ана!

Шинхуа университетіндегі біздің махаббатымыз жасырын жағдайда болды, тек сабақтастарымыз ғана білетін. Тəтем университетке келген болатын. Менің барып бет көрісуге толымдылығым жоқ. Бірақ тəтемнің ала келген дəнексіз мейізінен дəм татқам. 

1993 жылы Асқар Германияда болатын, маған Шыңжаңға барып, көріп қайт деп ұсыныс жасады. Бір мерекелердің қарсаңы еді, апайыма ілесіп, тəтемнің үйіне «кіріп кетуге» дайындалдым: «Тəтемнің төсегіне отыруға болмайды. Тəтемді көргенде...» – деп Асқар тəптіштеп-ақ тапсырып жатыр. Оның барлығы жайында қалды. Бізге асүйге ғана кіруге ишарат жасалды. Тəтемнің асүйге бір-ақ рет кіргені, ақырын ғана сөйлегені, қаталдау адам екендігі есімде қалыпты.

RSyde5DykOM.jpg

1994 жылы тəте бүкіл қытайлық саяси-мəслихаттың тұрақты мүшесі салауатымен жиналысқа қатысу үшін Бейжің қаласына келді. Мен апайымның досына ілесіп оған амандасуға бардым. Жиналыстың əредігінде біз бірге қаланы араладық. Ол кезде тəтенің жасы алпыстан асқан кезі, аяғында биік өкше туфли, біз шаршап жүре алмай қалдық, ол кісі қаздаң қағады. Қонақ үйге келгенде тіркелу керек екен, мен қалай тіркелем деп сұрап едім: «Мына кісінің хатшысымын деп жаз», – деді. Сорпаға бұқтырылған қой етін жеуге барғанымызда, мен оның ыдысына тамақ салып беріп, қызмет етіп отырдым, ол кісі де менің күтімімде алаңсыз тамақтанып отырды. Маған:«Тамақты неге ақырын ішесің», – деді.

1995 жылы наурызда Асқар Германиядан қайтып келген кезде тəтем Бейжіңде жиналыста болатын. Сол күні кеште біз ол кісіге амандасуға бардық. Асқарды көріп тəтем көзіне жас алды. Мені көріп жақтырмай қалды. Олар қазақша сөйлесіп кетті, мен бір шетте отырып қалдым. Кенет, бастықтардың бірі бұл кісіге амандасуға келеді екен, дайындалсын деп хабарлады. Тəтем мені əжетханаға кіріп бой тасалай тұрсын деді. Бұған Асқар қатты қысылып қалды... Мен қалай кіріп кеткенім есімде жоқ, қонақтар кеткеннен соң əлгі жерден бірақ шыққаным есімде.... сол күні қайтып барғаннан кейін бір түн жыладым, Асқар мені жұбатып, бірақ, тəтемді кінəлап бір ауыз сөз айтқан жоқ.

1997 жылы əкем қайтыс болды, тəтем телефон шалып, көңіл айтты. «Тəтем əкесі қызының тойын көре алмай кеткеніне өкініш білдірді» – деді Асқар. 1998 жылы 32 жастағы Асқар мен 31 жастағы маған тəтеміз ақыры ризашылығын беріп, біз Үрімжі қаласында той жасадық. Мен өз басым қандай жағдайлардың болып жатқанынан хабарым жоқ, Асқардың тəтем өте алаңдаулы, түнімен ұйықтаған жоқ дегені есімде қалыпты... той ойдағыдай өткен сияқты, əйтеуір тəтем көңілсіз болған жоқ. Ол кісі маған Жайна Абдұллақызы (Алланың құлы) деген жаңа есім берді.

o1JkkY0-Kl0.jpg

Қазір ойлаймын ғой, той ойдағыдай өтті деп жүргендері, қытайдан келін түсіргендігі үшін жанжал шығып кетпей, бəрі де сəтімен болғандығын айтқан сияқты ғой. Той жасаған күннің ертеңінде азанғы ас ішіп отырған кезімізде тəтем маған қарап: «Сен ең əуелі бетіңе əрлеу жаса, тым болмаса, қасыңды бояп ал», – деді. Менің қасым селдір болатын, қастары қою, көздері қара «Шыңжаңдық əпкелерімнің» бейнелеріне үйренген тəтем менің кейпіме үйрене алмай жатқан сыңайлы. Мен үндемей тəтеме қарай бердім. Тəтем: «Бұрын менің де қасым бар болатын», – деді. Кейін мен Асқарға: «Асылында, сен мені қас-кірпігім арқылы тауып алған екенсің ғой», – деп қалжыңдайтын болдым.

Тəтемнің біздерге талабы қатаң болатын. Қалай отыру керек, қалай тұру керек, қонақты қалай күту керек, үйді қалай жинау керек, міне, осылардың бəрін бізге тəптіштеп үйретіп отыратын. Тəтем үйімізге келерден бұрын біз үйімізге мұқият тазалық жасаушы едік, өйткені тəтем «байқаусызда» босағаны, үстел шырағының жамылғысын сипап қалуы мүмкін еді...

Тəтемнің жетекшілігіндегі осы жеті жанұядағы балалар шындығына келгенде отбасылық бір хор капелласы сияқты еді. Тəтем осы қордың жаны болса, екінші қайынағам рояльмен əн бастаушы десек, үлкен əпкем мен екінші абысыным əйелдердің баритоны сияқты, басқалар хорға қосылуға тиіс, кейбір əндерді үш дауыспен де айтуға болады.

Егер қытайларда арақсыз дастарқан жайылмайтын болса, қазақтарда əн-жырсыз қонақасы болмайды. Өлең – қазақ өмірінің аса маңызды құрамдас бөлігі. Мен де əн айтқанды ұнатамын. Той жасап, келесі жылы Шыңжаңға келердің алдында мен алғаш рет қазақтың «Желсіз түнде жарық ай» деген əнін үйрендім. Асқар үйретті. Кешкі қонақасы кезінде жұрттың əнге басып жатқан кезінде, біреулер маған əн сал деді. Туысқандар менің Дыңлижүннің əндерін айтатынымды білетін. Тəтем де маған мезіреті жасап, басын изеп қойды. Асқар маған жаңағы мен білетін қазақтың жалғыз əнін айт деп ишара жасады. Бірер жолын айтуым мұң екен, тəтем көз жасын сүрте бастады, жұрт та дуылдасып кетті. Сөйткенше болмай, тəтем түрегеліп келді де, мені құшақтап бауырына басты, мен тұңғыш рет тəтемнің мейірбан құшағының жылуын сезіндім...

1999 жылы болу керек, тəтем жəне басқа да туысқандарымыз Бейжіңге біздің үйімізге келіп, Бейжіңнің ең қапырық бір жазын бірге өткіздік. Менен тер шықпайды, күннің астында жүрсем болды, кеудем қысылып, күн өтіп кетеді. Ол кезде біз Бейжіңде құрылыспен шұғылданатынбыз. Жұмыс ауыр болатын.

Бір күні мен өзімді жайсыз сезініп, үйге келдім де, қонақ бөлмеде отырған туысқандарға сəлемдеспей, бірден жататын бөлмеге қарай өтіп кеттім. Көп өтпей Асқар мені шақырып шығарды да, сенің əдепсіздік жасағандығың себепті, Тəтем кеткелі жатыр, қалай айтсам да көнбей қойды деді. Ақыры Асқар маған сыбырлап: «басыңды и» – деді де, екеуміз жүгініп отыра қалдық... Сөйтіп, тəтемді зорға алып қалдық.

Тəтем біздің жұпыны жүргенімізді ұнатпайтын, шыттай болып киініп жүргенімізді көрсе қуанып қалатын. Бейжіңде маған киім сатып алатын кезде Асқар да тəтеме ұнайтын жағына мəн беріп, қарап жататын. Сондықтан тəтем екеуміз ұқсас үлгідегі, ұқсамайтын түстегі киімдерді сатып алатынбыз. Тəтем сексенге келгенде күлгін түсті көйлекке үйлестіріп, қызыл күлгін матасы таза жібектен киімге тапсырыс беріп тіккізіп киді, қандай керім десеңізші!

Тəтем біздің Қазақстанға қоныс аударуымызға алаңдаушылық білдірді, əрі тəнті болды. Асқардағы ұлтжандылық тікелей анасынан дарыған. Көшіп келгеннен кейін, қызымыз дүниеге келді, менің күрделі дыбыстарға тілі келмей қалама деп атын «Айдана» деп қойып берді. Қызымыз төрт айлық болған кезде біз Шыңжаңға барып, тəтемнің үйіне түстік. Ол кісі немересіне жаңадан тап-тұйнақтай жөргек жасап берді. Келесі күні таңертең тəтем Асқарды оңашалап шақырып алды да, екі түрлі жұмыс айтты: «Жаялықты қалай жуу керек? Екіншіден, мына бала неге жыламайды, дереу дəрігерге көрсетіңдер», – деп тапсырма берді. Тəтем Қазақстанда жүргенде рақаттанып қалатын, бірақ, бізді мазаламайын деп, жиі келе бермейтін. Əр жолы келгенде бұл жақтағы ілгерілеушіліктерді көріп, шын жүрегінен қуанып отыратын. Ол кісі Айдананың тілашар тойына қатысты, біздің серіктестігімізге, демалыс саябағына, Медеуге баратын. Қонақтар шақырып, өзі де қонаққа барып, бұл жақтағы өткізген күндерінің барлығын өміріндегі бақытым деп қабылдайтын. 2009 жылы Құрбан айтта Асқар жора-жолдастарына Тəтесіне айттап кіріп шығыңдар деп арнайы қоңырау шалып шақырды. Қалай болды дейсіз ғой, тек ұлы-кəрілердің өзінен сексеннен аса адам келіп, үш қазан ет астық, тəтем балаша мəз болып қалды.

Менің кезекті туылған күнімде Асқар іссапарға кеткен болатын. Тəтем өзі барып, маған арнайы торт сатып«келіп, үлкен апайыммен бірге маған арнап Жу Шуанның   (1930–1940 ж. Қытайдағы атақты əнші жəне артист) «Мезгіл жырын» шырқап беріп еді...

Айдананың тілашар тойы қарсаңында Асқар екеуміз қажетті заттар алуға шыққанбыз. Ақыры Қарағандылық бір досымыз бізді тауға, қонаққа алып кетіп, маған бір бокал шарап ішкізіп жіберіп еді, желге шыққаннан кейін, шарап басыма шығып, мен масайып қалдым. Автотұрақтан үйге дейін Асқар мені көтергендей етіп алып келді, есікті тəтем ашты, аналы-балалы екеуі күлкіге көмілді де қалды...

Асқар балаларының ішінде тəтеме тартқан екен. Екеуі де қазақтарды өте жақсы көреді, толық адам болуға талпынады, кітапқұмар, кірпияз... олар диванда отырып алып, əңгіме шертетін. Асқар ол кісіден көптеген тарихи мəселелерді сұрайды, тəтем бəрін де байыптап түсіндіріп беретін... тəтем қайтыс болғаннан кейін ол кісінің төсегінің басындағы кітаптарын Асқар төсегінің басын əкеліп алып еді. Араларынан қыл өтпейтін ана мен бала кейде қабақтары жараспай да қалатын. Бір күні Асқар маған күлше жейсің деп қысап тұрып алды. Мен тəтемнің жақтырмай қалғанын түрінен байқадым да: «Олай етпеші, тəтем ренжіп қалады!» – дедім. Асқар да ақырынғана білем, мен əдейі!..», – деді. Екі күннен кейін оларжарасып кетті де, тəтем мені керек қылмай қойды...

4mkC9rKRWiI.jpg

Тəтем «Өтті бір өмір осылай» деген ғұмырнамалық шығарма жазып, кітап Шыңжаңда баспадан шығып,таратылған болатын. Кітапты оқырман қауым өте жақсы қабылдады. 2012 жылы Асқар бұл кітапты қайтадан редакциялатып, Қазақстанда баспадан шығарып, салтанатты түрде тұсаукесерін жасады. Дос-жарандар тəтемді ортаға алып, суретке түсіп жатты. Тəтем ол күні көп сөйледі. Көп сөйлеп кеттің деп, арасында Асқар сөзін де бөлді. Ол кісі еркелегендей болып, сонда да тоқтаған жоқ. Сол күні біз тəтемді ортаға алып: «Анасы бар адамдарешқашан қартаймайды» деген əнді шырқап едік.

2013 жылы Асқар атасына ас бергенде 83 жастағы тəтемнің Ақсуатқа баруы айтарға болмаса адамды алаңдататын еді. Тəтем атама қойылған құлпы тасты еңкейіп барып сүйгенде жиналған жұрт тебіреніп, толқып кетті. Тəтемнің сөзі де өте əсерлі болған деседі, айыбын да мен түсінгем жоқ. Бірақ, мен тəтемнің осындай қуанғанын көргем жоқ, үш күн бойы шалқып-тасып жүрді, дəн татқан жоқ деуге болады. Тəтем əр жолы Шыңжаңға қайтарда менің қолымды ұстап отырып, көптеген тапсырмалар беріп кететін. Негізінен қайынбикеме алаңдайтын. Апайларыңакөзқырларыңды салыңдар дейтін. Мен де əр жолы:«Тəте, сіз тағы келесіз ғой!» – дейтінмін. Бірақ, 2013 жыл тəтемнің Қазақ еліне ақырғы келуі екен.

Шəуешек қаласын тəтем атамекенім деп санайтын. 2013 жылдың соңында тəтем Шəуешекке барып, көріп қайтайын деді. Асқар бұл Тəтемнің Шəуешекпен қоштасуға бара жатқаны деді. Сонымен аға-жеңге, əпке-жезделеріміз тəтеме атқосшы болып, барлығымыз Шəуешек қаласына бардық. Үлкен əулет. Керуендеткен машинаның шеруі. Бір жүріп, бір тоқтап, арақ ішіп, əн шырқап, ойнап-күліп, думандаттық-ау бір. Қайда барсаң да қалтқысыз айтылып жатқан мақтау-марапат! Асқар: «бұл өзі Бəтима Жəкулинаға арналған мақтау, марапаттау жиналысы болды емес пе», – деп еді. Бұл əулетіміздің еңсоңғы, тату-тəтті, бір уайым-қайғысыз жүрген кезі екен.

 – Заманақыр дейтін əзірейіл жаныңа үн-түнсіз келіп кіреді. Бұл Асқардың маған түсіндіруі болатын. 2014 жылдың қыркүйек айы тап осындай күн болды. Қазан айының басында Шаңхайдан ота жасатып, Үрімжіге қайтып келіп, тəтемнің үйіне кіргенде тəтем Асқарды құшақтап сүйгеннен кейін, мені  келіп құшағына алып, ұзақ тұрып қалды... қазір ойласам бұл ананың тілсіз ғана аманат жасағаны екен ғой.

Асқардың сырқатын біз тəтемнен жасырдық, ол да сұраған жоқ. Қазан айының соңында ол кісі Асқардың көңілін сұрауға емханаға келгенде, Асқардың шашынсипап қалды... бұл тəтем мен Асқардың соңғы рет бет көрісуі болды!

Химиялық сəулемен емдегеннен кейін Асқардың шашы түсіп қалды да, ол кісі алаңдайды деп тəтеммен бейне түсірілім арқылы сөйлесуден жасқанды. Тəтем де Асқардың жағдайын білмеген адам сияқты болып, телефонмен сөйлескенде бір-біріне бəрі де жақсы деп жататын.

2014 жылдың соңына қарай Айдана мен Айқұт Үрімжі арқылы Шаңхайға барып, бізге қосылды. Айқұт бір жарым жаста. Теледидардың пультін алып қашып, тəтем артынан қуып жүрді. Бұл тəтемнің Асқар науқасқа шалдыққалы бері ең бір көңілді болған кезі болды. Айқұт күтушінің қолынан жетелеп, есіктің алдын тазала деді. Тəтем: «Əй, Асқардың ұлы-ай», – деп басын шайқайды...

i4oYgZFaVxQ.jpg

2015 жылы 21 қаңтар күні аға-жеңгелеріміздің жебеуімен Асқар басына қазақтың тақиясын киіп, тəтеммен бейне көрініс арқылы бір сəт сөйлесіп қалды. Келесі күні тағы да осылай сөйлесеміз деп уəделесті. Біз тəтем Асқардың шашының жағдайын білген жоқ-ау деп өзімізше кеңіп қалдық. Қайдан білейік, келесі күні таңертең қаралы хабар келді, тəтем қайтыс болған екен...

Асқар əлсіреген денесін сүйретіп, Токио, Бейжің, Үрімжі маршруты бойынша түнделетіп жолға шықтық. Үйге келгенде ғана білдік қой, тəтем ажалды өзі тілеп алған екен. Ол кісі өз жанын құрбан ету арқылы, Асқардың өмірін тілеген екен ғой. Ол тамақтан, дəрі-дəрмектің барлығынан бас тартып, өзін құрбандыққа шалу арқылы Асқардың өмірін ғана тілеген екен, жарықтық!

Тəтемді неше мыңдаған адам жиналып, арулап, аттандырды. Ол күні күн қақаған аяз, Асқар ұлға татыр салауатымен шыдап бақты. Қайтып келе салып, қызуы көтеріліп жүре берді, имунитет жоққа тəн болған ғой.

Тəтемнің зиратын Асқар алыста жатып жобасын жасады. Зираттың жасалып жатқан жұмысын қаперден шығарған жоқ. 2015 жылы 16 қараша күні Асқар бойындағы ең соңғы күш-қуатын жинап, туысқандары мен дос-жарандарына дұғай сəлем айтып, тəтемнің

қайтыс болғандығының бір жылдығына орай Алматыда үлкен ас бергізді. Кімдерге сауын айтылуы керек, не істеу керек барлығын өзі бақылауында ұстап отырды. Ең соңғы перзенттік парызы ретінде тарих ғылымдарының докторы Бақыт Еженханұлына тапсырып, тарихи деректер негізінде тəтемнің аталары туралы «Ақтайлақ пен Құттыбай» атты кітап шығарды...

Бəзбіреулер тəтемді Қазақтардың «Суң шиңлині» (Қытайдың белгілі қайраткері (1893–1981)) деп жатады. Мен жағынан алғанда ол кісі менің тəтем, тіптен менің қазақ анам. Ол кісіге деген жасқанудан бастап, шынайы жақсы көруге, аялауға дейінгі аралықта мен тəтеммен 20 жыл қатар өмір сүру бақытына ие болған екенмін.

Асқардың науқасының қатерге бет алуына байланысты менің бүкіл назарым сол жаққа ауды да, тəтемнің бақи дүниеге аттанып кеткенін толық сезіне алғам жоқ, ол кісі əлі де Үрімжі қаласында алыстан бізге шуағын шашып жатқандай болады.

Енді, міне, Асқар да о дүниеге кетіп, менің өкпе-жүрегімді суырып əкеткендей, қаңырап қалды... кей-де мен аналы-балалы екеуі тағыда бір-бірімен табысып алған шығар деп оларға қызыға қарайтын кездерім де бар.

Бірге жүрген күндерді, тəтемнің мейірбан құшағын өлердей аңсаймын, тəтеммен бірге шырқаған «Мезгіл жырларын», оған арнап шырқаған «Анашым» əнін сағынамын!.......................

Аллаға шүкір, тағдыр жазып тəтеме келін болғаным өмірімдегі бақытым деп білемін!

Жайна Жəкулина

18 қараша, 2016 жыл.

Jebeu.kz



Дереккөз: "Шексіз махаббат"



Қытайдың диаспора саясаты және оның Қытайдан келген оралмандармен қатыстылығы
Серік Қабшықбайұлы. Алыпыс жыл ғұмырым қағаз үстінде өтті

Ұқсас тақырыптар