Алмас Ахметбекұлы: Соңғы көштің серкесі едің, Жақсылық!

admin2 2018-02-08 Қысқаша

4 ақпан күні Алматыда «Алатау» мейрамханасына жиналған жұрт жазушы Жақсылық Сәмитұлын...

Жарнама орны

Jaqsiliq-Samytuly-300x300.jpg

4 ақпан күні Алматыда «Алатау» мейрамханасына жиналған жұрт жазушы Жақсылық Сәмитұлын еске алды. Қайтқанына он жыл болған марқұмга жұбайы - Мәкилә, ұлы -Заңғар және қыздары арнап ас беріп, құран бағыштады.

Жақсылық Сәмитұлы аса талантты, Лирик жазушы болатын. Ол жазған «Ана сүті» бастаған әңгімелері біздің студент кезіміздегі(1980ж) әдебиет танытқыш оқу құралы болып еді. Ал, сол студент шақтағы ауылды сағынып айтатын «Туған жер» әнінің авторы да осы Жақсылық болатын.
«Туған жер нәрін берген,
Дарын берген.
Барын берген.
Өзіңнің тентегіңмін әлі де мен»,
- деп келетін әнді бұл күнде қазақ топырағының шет–шегіндегі жұрттың бәрі біледі.

27657069_883939341766345_1395459779748880847_n.jpg

Ол жазушылығымен қоса Отан сүйгіш азамат болатын. Қазақстан тәуелсіздік алған кезде бір топ қаламгер інілерін бастап, азат елге қоныс аударған алғашқы көштің басшысы еді, серкесі еді. Біз де сол Жақаң бастаған көштің құрамында келіп едік. Жақсылық Қазақстанға алты баласын жетелеп, асығып көшті. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ Елінде - жоғары оқу орындарында, баспасөзде қызмет етті. Сөйте жүріп, ірі колемдi прозалық еңбектер қалдырды. Үш томнан тұратын «Қаһарлы Алтай» бүкіл Алтай жұртының хх ғасырдың алғашқы жартысындағы күресін, қарулы қарсылықтарын бейнеледі. Онда Оспан бастаған батырлардын барлығының жанкияр бейнесі жасалды.

Осы кітаптың тұсау кесерінде Қабең - Қабдеш Жұмаділов тебіреніп, сүйініп, сүйсініп айтып еді: «Жақсылық талантты жазушы. Біз қаптаған талантсыз жазушылардың сағы сынбасын деп «талант» деген сөзді қолданбай жүрміз. Ал, бүгін Жақсылықтың кітабы туралы сөйлегенде «талант» деген сөзді қолданбасқа шарамыз жоқ - ол талантты жазушы....... Алтайда өткен батырлар бақытты - озінен ұл туып, ол суреткер болып, ол талантты болып, ол мықты прозаш болып, тәуелсіз Қазақстанға қоныс аударып, олар туралы үлкен еңбек жазды және батырлардың бейнесі осыншама талантты суреткердің қолынан сомдалды. Бұл - Алтайдың Оспан бастаған батырларының бақыты» деген еді. Біз де осыған келісеміз. Жақсылық Қазақстан тәуелсіздік алғанда "асығып көшті" дедік қой , оны асықтырған Алтай жұртының тауқыметті тағдыры еді. Сол тағдыр туралы томдар еді. Сол тағдыр туралы азат елде еркін сілтейтін мүмкіндік еді. Ер жасы елуге енді келген Жақаң сол үшін асықты Елге, сол үшін асықты еркіндікке! Осылай асығыс көшкеніне қарай ол мұратына жеткен жазушы.

27336890_883939281766351_4570524644645579655_n.jpg

Соңғы көштің серкесі едің, Жақсылық,
Сұлу сөздің еркесі едің, Жақсылық.
Жармасқан ғой тағдырыңның қырсығы,
Етегіңе ерте сенің, Жақсылық!

Қанды Алтайға қанығып ең , Жақсылық,
Тағдырына тарығып ең, Жақсылық.
«Қаһарлы Алтай» қаламыңнан қан құсып,
Маңдайыңнан жарылып ең, Жақсылық.

«Тағдыр жүгін арт» десетін Жақсылық,
«Азат елге тарт» десетін Жақсылық.
Күлер болса шалқасынан шашылып,
Шамырқанса шарт кететін, Жақсылық.

Еркін елде еруледің, Жақсылық,
Талантыңа сенулі едің, Жақсылық.
Қазақ елі азаттығын алғанда,
Бар болғаны елуде едің, Жақсылық.

Сауыр таудай еңсең болған, Жақсылық,
Тон жағасы сеңсең болған, Жақсылық.
Тағдыр бітіп таусылғанда уақыты,
Тауқыметі том -том болған, Жақсылық.

 

Алмас Ахметбекұлы

Jebeu.kz

Жетістікке жет — ренішің басылады
Енді Алашты ешкімнің қорлауына бермейік десек...

Ұқсас тақырыптар