Арай Айдархан: Достық бәрімізді бір арнада тоғыстырады

admin2 2018-06-05 186 ℃ Қысқаша

Шанхай ынтымақтастық ұйымының түңғыш реткі медия самиты 2018 жылдың 1 маусымында Пекин қ...

85e5bc63-3df1-4a60-a374-41ced59b73ec.jpg

Шанхай ынтымақтастық ұйымының түңғыш реткі медия самиты 2018 жылдың 1 маусымында Пекин қаласында өтті. Қытай мен Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы елдер досытық барыс-келісі жөніндегі самитте Қытайдағы қазақ әншісі Арай Айдарханұлы Қытай мен Қазақстанның достығы туралы бір әннің әсерлі тарихын айтып берді. Бұл туралы kazakcnr.com сайты жазды. Төменде назарларыңызға Арай Айдарханның осы самиттегі сөзін ұсынамыз.

Менің атым Арай, музиыкамен шұғылданамын, «Мен әншімін» бағдарламасында «шетелдык жігіт» Димаштың музыкалық әріптесі болғанмын, сосын да кейбір достар мені танитын шығар. Анығында, мен Қытайда туып, есейіп-ержеткен қазақ боламын.

Бүгін сіздерге Қытай мен Қазақстан арасындағы музыкалық барыс-келіс жөнінде әңгіме айтып бермекпін. Қазақстан теңізден ең шалғай ел, сол жерде мемлекет басшысы Си Цзиньпин «Бір белдеу, Бір жол» стратегиясын тұңғыш рет ортаға қойған болатын, есімде қалуынша, төраға Си Цзиньпин Қазақстанда жасаған баяндамасында қазақ елінің: «білімдінің күні жарық, білімсіздың күні ғарып» деген мақалын тілге тиек еткен болатын.

Музыкамен шұғылданғаным себепті, мынадай бір әңгімеге қатты әсерлендім. Ежелгі Жібек жолының бойындағы байырғы қала Алматыда Шян Шиңхай атында көше бар, ол жөнінде мынадай бір әңгіме аңыз болып айтылады. 1941 жылы Отан соғысы басталады, Қытайдың әйгілі музыканты Шян Шиңхай талай жолдарды басып Алматыға келеді, ешбір таныс-білісі жоқ, оның үстіне жоқшылық пен ауру иектеген музыкантқа Қазақстанның сазгері Байқадамов қол үшін беріп, жәйлі баспана тауып орналастырады. Алматыда тұрғанында Шян Шиңхай «Ұлт азаттығы», «Алқызыл ағын» қатарлы әйгілі музыкалық туындылар жазады. Сонымен қатар қазақ халқының батыры Аманкелдінің ерліктерін арқау етіп «Аманкелді» симфониясын жазып, халықты фашизмге қарсы соғысқа үндеп, жергілікті  халықтың қарсы алуына бөленеді.

Көптен бері, мен де Қазақстанға барып аға буындарымыздың жүрген жерлерін аралап, халықтық әуендерді жинап жүретінмін, сондай сапардың бірінде, осыдан 25 жыл бұрын айтылған «Таңғы жас» деген әнді естіп қалдым. Ол кезде бұл ән әлдеқашан жұрт көңілінен көтеріліп кеткен екен. Ұмытыу себебін байыптасам, бұл ән өте күрделі болғандықтан, кезінде базарын таппапты. Сонда Қытайдың музыка базарының өте үлкен екендігі, әрқандай стилдегі әуендерды де тыңдаушылар табылатындығы есіме оралды. Сонымен ән авторына іздеу салдым, Бірақ оны жұрттың бәрі ұмытқан екен, ақыры жергілікті сақшылардың жәрдемімен мекен-жайын тауып, іздеп бардым.

Оның өң-тұрқы кезінде әлгі әнді айтқандағы бейне баяандағы кескінімен салыстырғанда, мүлдем қартайып кетіпты. Әңгімелесе келе рухани басымдылықтардың кесірінен көзі көруден қалғалы 6 жылдай болғанын, әлі толық сақаймағанын білдым. Сол кездесуде оған өзінің әнін (бірер шумағын) айтып бергенімде, жанарынан жас тамшылап жылап отырғанымен, жүзіне қуаныш күлкісі үйірілгенін байқадым. Сосын, әннің орындау рұқсатын алдым да, «Қытайдың үлкен сахнасында әніңізді орындаймын, жүз миллиондаған қытайлық көрермен әніңызді еститін болады» деп уәде бердім.

2014 жылы орталық телеарнаның «Қытай құлақ түруде» деген бағдарламасына қатынастым, өнер бәсекесі саналатын бұл бағдарламада әншілердің тағдырын көрермендер дауыс беріп шешетін еді. Мен осы әнді орындауға бекігенімде, режиссерлер ұжымы маған әннің тілдік парқы жарыс нәтижесіне ықпал етуі мүмкін деп ескертті. Сонда оларға, «бұл бағдарламаға осы әнді айту үшін қатынасып отырмын, Қытайдың үлкен сахнасында осы әнді айтамын деп уәде бергемін. осы әнді орындасам болғаны, жеңілсем де оқасы жоқ» деп жауап бердім.

әнді орындап болғанымда, жүзімді жас жуып кетті. Көзімді ашсам, келеі айналымға жолдама алыппын! Кейін, осыларды Қазақстандағы ақпарат құралдары да хабарлап, Қазақстаннан көп  тілші сұқпаттассақ деп тілек білдірды, жарым жылдан кейын жолым түсіп Қазақстанға музыкалық бағдарламаға қатысуға барғанымда, осы әннің авторы бағалаушылардың қатарында отырғанын байқадым, ол кісінің көзі де әбден жазылғанын білдім.

Содан бастап, Қазақстанның көркемөнерін жұртқа тарату жағында берік сенімге ие болдым. 2016 жылы мен Шынжаңда «Жібек жолы»  халықаралық музыка мерекесін өткізіп, Қазақстанның әйгілі рок музыкашылар ұжымы Roksonaky-ды менімен бірге Дүңнан телеарнасының «Таза ауен» (天籁之声) көлемді ұлттық музыка бағдарламасына, Қытай мен Қазақстан достығы жөніндегі деректі фильм «Уақыт хикаясының» түсірілуіне және музыкалық қызметіне қатынасуға ұсыныс еттім.

Сан ғасырлардан бері, осынау байырғы жібек жолында, әр ел халқы заманнан заманға жалғасатын достық жырын бірлікте жазып отырды. Екі мың неше жылдық барыс-келыс тарихы береке мен сенімге, теңдік пен тиімділікке, бауырмалдық пен үлгі алуға, селбестік пен ортақ игіліктенуге табанды болсақ, ұлты, сенімі, мәдениеті түрліше елдердің бейбітшіліктің қызығын бірлікте көріп, бірге дамып отыратындығын дәлелдеп отыр. Міне, бұл байырғы жібек жолының бізге сыйлаған шалқар шабыты.

Музыкада шекара болмайды, достық бәрімізді бір арнада тоғыстырады. Қытай мен Қазақстанның достығы мәңгі жасасын!

Қытайшадан аударған: Алғабек Қисынқан

Jebeu.kz

 


Әміржан Қосанов: Халықаралық қатынаста көп нәрсе ресми органдар арқылы шешіледі
Кері қайту