Ел ағалары Қанат Исламның қос құлынына батасын берді

turdybek 2017-12-26 Қысқаша

Жақында Қанат Исламның бесінші перезенті өмірге келген еді. Қуанышын халықпен бөлісіп,...

Жарнама орны

photo_76844.jpg

Жақында Қанат Исламның бесінші перезенті өмірге келген еді. Қуанышын халықпен бөлісіп, 24 желтоқсан күні Алматыда дастархан жәйіп, ұлдары Мәнсүр мен Мұхаметәлидің тұсау кесері тойы мен бесік тойын қосып өткізді.

Той қонақтарының ішінде ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл, қоғам қайраткері Амалбек Тшанов, кәсіпкер Бауыржан Оспанов бастаған ел ағалары мен Ермахан Ибраимов, Мұхтархан Ділдәбеков, Бейбіт Шүменов қатарлы боксшілер мен көптеген танымал азаматтар болып, Қанат Исламды қуанышымен құттықтап, қос құлынына баталарын берді.

Осы орайда, «Жебеу» республикалық қоғамдық бірлестігі де даңықты спортшымызды құттықтап, алдағы спорттық жолына абройлы жеңіс, той жасап отырған қос құлыны мен барлық ұл-қыздарына ұзақ өмір тілейміз.



CAKRMcpj3iw.jpg


mDjjuI5neCg.jpg



Mmg0ZAiW_8g.jpg

ZIN8byKKMHE.jpg


Jebeu.kz



Оразанбаей Егеубаевтың бес томдығының тұсауы кесілді
Қазақ тарихының ойлау жүйесіне өзгеріс әкелген ғалымдардың кітабінің тұсауы кесілді