Жаңа жылдан бастап Қазақстан азаматтары тіркеуге тегін тұрады

turdybek 2018-01-01 49 ℃ Қысқаша

Қазақстан азаматтары енді тіркеуге тегін тұрады1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Са...

Жаңа жылдан бастап Қазақстан азаматтары тіркеуге тегін тұрады

tirkeu3.jpg

1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Заңдағы өзгерістерге сәйкес тұрғылықты мекен-жай бойынша тіркеуге тұру үшін мемлекеттік баждан ұстап қалу қызметі тоқтатылады  деп хабарлайды Jebeu.kz  «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Осы уақытқа дейін бұл қызметтің бағасы 227 теңге (0,1 АЕК) тұрған болатын.

Десе де, шетелдік төлқұжат иелері үшін мемлекеттік баждың мөлшері екі есеге, нақтырақ айтқанда 4-тен 8 АЕК-ке артты. Бұдан былай оның бағасы 19 мың 240 теңге тұратын болады. 

Еске сала кетсек, ҚР Президенті 2017 жылдың 25 желтоқсаны күні «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекске қол қойған болатын.

Jebeu.kz


Зардыхан Қинаятұлының кітабі сатылады
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне басшылық етеді

Ұқсас тақырыптар