Ақ Үйде 7 млрд долларды құрайтын 20 келісім бекітілді

Уақыты: 2018-01-17 Көрлімі: 315 Сипаттама

Ақ Үйде 7 млрд долларды құрайтын 20 келісім бекітілді16 Ақпанда АҚШ-да ресми іс-сапармен ж...

Ақ Үйде 7 млрд долларды құрайтын 20 келісім бекітілді

4290309.jpg

16 Ақпанда АҚШ-да ресми іс-сапармен жүрген президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйде Доналд Трамппен кездесті. Екі ел басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының алдында мәлімдеме жасап, аталған жиынның маңыздылығы жайлы сөз етті.

Кездесу барысында президенттер екіжақты стратегиялық әріптестікті арттыру, өңірдегі қауіпсіздік және экономикалық байланыс мәселелері жайлы да айтты. Қазақ елінің басшысы зор құрметпен қарсы алған Дональд Трамп: «Құрметті Президент мырза, Америкаға қош келдіңіз! Мен сізді қатты құрметтеймін. Біздің елдер арасында ынтымақтастықтың артып келетіні қуантады. Сауда-саттық қарқынды дамып жатыр. Қазақстан қазір өте жақсы жетістіктерге жетті. Шын мәнісінде ел күн санап өркендеп келеді. Қазақ елін барлық мемлекеттер құрметтейді, сондықтан сізді осында қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе.

Орталық Азия елдері арасында қазақ елін АҚШ сенімді серіктес санайды әрі көшбасшы мемлекет ретінде бізбен санасады. Саяси саxнада Қазақстанның ұсыныстарын қолдайды. Әсіресе жойқын қарудан бас тартқан мемлекет ретінде халықаралық қауымдастықтың бейбітсүйгіш мүшесі деп біледі. Сондықтан Елбасының бұл сапары тек бізге ғана емес, тұтастай Орталық Азия өңірі үшін маңызды.

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде Ауғанстандағы аxуалға ерекше мән беріп отыр. Ондағы түйткілдің шешімі елді дамыту деп түсінеді. Сондықтан елді алға сүйрейтін білікті мамандар даярлау ісінде қол ұшын беріп келеді.


Біз ауған студенттеріне тегін білім беріп жатқан Қазақстанның ұстанымын жоғары бағалаймыз. Ауғанстандағы қауіпсіздікті нығайту үшін қосымша қолдау көрсетуге дайын Қазақ көшбасшысына алғысым шесіз. АҚШ көрші мемлекеттерге құрметпен қарайтын өркениетті елдерімен серіктестік орнатуға ниетті»,- деп президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік және халықаралық саясаттағы еңбектері мен бастамаларына ризашылығын білдірді.

Сонымен бірге Елбасының АҚШ-қа ресми сапары аясында құны 7 млрд долларды құрайтын 20 келісім бекіген. Бұл туралы «24 Хабар» телеарнасының жаңалықтарында хабарлады. Еліміз Америкадан Boeing ұшақтарын алады, сонымен қатар Қазақстанда 900 электровоз құрастырылады. Бұдан бөлек авиация, фармацевтика, агросектор секілді салаларда да бірлесе жұмыс атқарамыз. Сапар аясында 3 үкіметаралық келісім орнады. Құжатта Қазақстан арқылы коммерциялық теміржол транзитімен қамтамасыз ету, халықаралық Салық кодексін оңтайландыру мәселелері қарастырылған.

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Зейнеткерлікке қалай ертерек шығуға болады?
Шахрат Нұрышев қытайдағы Қазақ радиосына сұхбат берді