"Елге жеткен әуендер" атты ән кеші өтеді

Уақыты: 2018-02-22 Көрлімі: 115 Сипаттама

Ардақты ән сүйер қауым, күн мен түннің теңесетін, ән мен әлемнің жаңаратын тұсында яғни,...

Ардақты ән сүйер қауым, күн мен түннің теңесетін, ән мен әлемнің жаңаратын тұсында яғни, 2018 жылдың 22 наурыз күні Алматы қаласындағы Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында "Елге жеткен әуендер" атты ән кеші өтеді.

IMG-20180220-WA0003.jpg

Атының өзі айтып тұрғандай, бұл кеш, бұрынғы кештен өзгерек. Тәуелсіздікпен бірге елге ел қосылып қана қойған жоқ, Атамекенге қанатын сермей асыға қағып, асқақ ән, әуезді ән де оралды. Ұлттық өнерге ұлы мұратын жалғаған ұл мен қыз, өнерлі жастар да келіп қосылды. Осынау ғажайып ән сиқыры мен сайыпқыран өнерпаздардың ширек ғасырда тәуелсіз
қазақ елінің теңіздей тұнығына қосқан тамшыдай дүниесінен дәм татып, бір желпініп
қайтыңыздар.

Кешке ҚР өнер қайраткерлері Тілеубек Қожан, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтар, Рамазан Стамғазиев, Ұлту Қабаева, Құрманбек пен Риза және Өмірқұл Айниязов, Әділ мен Дана, Шаба Әденқұл, Ұшқын жамалбек, Бибігүл Қилымхан сияқты өнер жұлдыздары қатынасады.

Уақыты: 22 науырыз 19:00.

Орны: Ө. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы

Jebeu.kz


文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Суретші Шаттық Батанұлының жеке көрмесі өтеді
Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған кеш өтті

Ұқсас тақырыптар