Ұлықбек Есдәулет Жазушылар Одағының төрағасы болып сайланды

Уақыты: 2018-03-12 Көрлімі: 274 Сипаттама

Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезект...

image_l.jpg

Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті XV құрылтайында белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа Төрағасы болып тағайындалды.

Құрылтайды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Жиында негізгі баяндама жасаған Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нұрлан Оразалин қаламгерлер одағы атқарған жұмыстарға кезең-кезеңімен шолу жасап өтті.

Құрылтайда Ұлықбек Есдәулетті төрағалыққа жазушы Төлен Әбдік ұсынды. Құрылтайда сөйлеген одақ мүшелерінің біразы Ұлықбек Есдәулеттің кандидатурасын қолдады. Жазушы Қабдеш Жұмаділов "Кім болса да, ары таза адам болсын, Ұлықбекті қолдаймын" деді. Ұлықбек Есдәулетті ұсынып, қолдағандар "Оған еркіндік берейік, өз командасын жинасын" десті.

Ал, Жазушылыр одағының жаңа басшысы Ұлықбек Есдәулет болашақта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жаңа серпінмен жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Одақ төрағасының орынбасарлығына Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек  секілді елге белгілі қаламгерлерді ұсынды.

Осы орайда, Жазушылыр одағының жаңа басшысы Ұлықбек Есдәулетті және барша жазушыларды жаңа одақ құрамымен құттықтаймыз!

Jebeu.kz

 



文章评论

    共有条评论来说两句吧...

    用户名:

    验证码:

Қанат Ислам Америкада "QAZAQ promotions" промоутерлік компаниясын ашты
Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті