Ыстамбұлдан шыққан қазақ (видео)

admin2 2018-01-29 244 ℃ Қысқаша

25 қаңтар күні Алматыда «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» атты деректі фильмнің тұсасуы кесіл...

26907969_1621480061279070_1692460160525962328_n.jpg

25 қаңтар күні Алматыда «Ыстамбұлдан шыққан қазақ» атты деректі фильмнің тұсасуы кесілген еді. 29 қаңтар күні тұсаукесер көрсетілім қайталанады деп хабарлайды Jebeu.kz.

Осыған дейін бір бөлім көрермен фильмді ютуб желісінен көріпте үлгірді. Деседе, "үлкен экраннан көргеннің әсері бөлек" деп Фильмді түсіруге демеуші болған Досым Сәтбаевтің жеке мәдени-ағартушылық қоры мен Қазақ Неміс университеті тұсау кесер көрсетілімнің қайталануына шақырып отыр.

Режиссер Райхан Рахим түсірген  бұл фильмде Алтайдан Анадолыға ауып, Тәуелсіздіктен кейін Отанына оралған қазақтың тағдыры баяндалған. Барша көрерменге 29 қаңтар 19:00- де Алматы Тауэрс-тың есігі ашық егенін хабарлаймыз.

Jebeu.kz


Әсемғазы Қапанұлы. Теріс тоған
Сөздің шыны керек: Қытай асып кеткендер