Абзал Құспан: Сайрагүл Қытайға қайтарылады деген қауіп жоқ (ВИДЕО)

admin2 2018-05-30 0 ℃ Қысқаша

22 мамырда тұтқындалып, Қытайға депортация жасалады деген Сайрагүл Сауытбаймен заңгер...

1523515196_abzal1.jpg

22 мамырда тұтқындалып, Қытайға депортация жасалады деген Сайрагүл Сауытбаймен заңгер Абзал Құспан кездесіп, жағдайын білді . Бұл туралы белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы фейзбуктегі парақшасында видео жариялады.

Видеода айтылғандай заңгер Абзал Құспан алдымен Сайрагүлдің ісін жүргізіп жатқан тергеуші Влад Антоновпен жолыққан. Оның айтуынша, қазақша жетік сөйлейтін тергеуші Антонов ешқандай кедергі келтірмей, оның іске араласуына қажетті құжаттарды бірден рәсімдеп, өзінің міндетін толық орындаған.

Кейіннен Абзал Құспан Жаркент аудандық Ішкі істер бөлімінде уақытша қамау изоляторында отырған Сайрагүл Сауытбайдың өзімен де жолыққан. Сайрагүл тергеушілер тарапынан өзіне ешқандай қысым көрсетілмегенін, керісінше Ішкі істер бөлімі қызметкерлері тарапынан қамқорлық көргенін айтқан екен.

Заңгердің айтуынша, «Бүгінгі таңда Сайрагүл қайтадан Қытайға қайтарылады деген қауіп жоқ». Адвокаттың сөзінше, алдағы уақытта оның Қазақстанда қалу мәселесі заң аясында шешілмек.


Jebeu.kz



Қайрат Әбдірахманов Қытайда ұсталған 12 Қазақстан азаматының 9-ы босатылғанын мәлімдеді
Кері қайту

Ұқсас тақырыптар