Қандастарға қызмет көрсететін «Жедел желі» іске қосылды

admin2 2018-06-28 127 ℃ Қысқаша

27 маусым күні Алматы қаласы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғ...

IMG_3699.JPG

27 маусым күні Алматы қаласы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі баспасөз мәслихатын өткізіп, «Отан – оттан да ыстық»  жобасын таныстырды. Бұл жоба аясында отанына оралған қандастарымызға заңнамалық көмек көрсететін «Жедел желі» қызметі мен «Қандастар» (http://qandastar.kz/) сайтын іске қосты.

IMG_3692.JPG

Баспасөз мәслихатына журналистер мен қоғам белсенділері және шетелден келген қандас студенттер мен жастар қатысты. Алғашқы сөз алған «Адырна» қорның директоры журналист Арман Әубәкір «Отан – оттан да ыстық» жобасын таныстырды. Арман мырзадан кейін осы жоба аясында қандастарға қызмет көрсететін  «КЕШ» құқық қорғау орталығының жетекшісі  Кәмшәт Есмұхамбетқызы сөз алып, «жедел желі» қызметі арқылы бір тәуліктің 24 сағаты болмаса да 12 сағатында қандастарға заңды көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізді. Сонымен бірге жоба аясында  кәсіп жолын таңдаған қандастарға алғашқы кәсіптік кеңестер беруге Әсима Сұлтан атты маман дайын болса, қандастарға орыс тіліннен Әлия Мұхаметкәрімқызы атты ұстаз сабақ береді екен.

IMG_3683.JPG

Жоба туралы «Адырна» қорының диреторы Арман Әубәкір «Бұл жоба Алматы қаласы Ішкі саясат бөлімінің қолдауымен жүзеге асып отыр. Жоба аясында жан-жақты қызметтер көрсетіледі. Ең басты бағыт «Қандастар» деген сайт қосылып жатыр. Сайт әлемдегі барлық қазақ түсіне алатындай үш түрлі әліпбиде жасалып отыр. Сайттағы негізгі қызықтыратын жері сұрақ-жауап түрінде жүргізілетін заңгер кеңесі болмақ. Тек ғана Алматы қаласы емес, еліміздің жер-жерінен қандастарымыз сұрақтары бойынша хат жазып сұрақтар қояды және сол жердегі «Жедел желі» қызметіне хабарласуына болады. Сұрақтар бойынша заңгерлеріміз құқықтық ақыл-кеңестерін айтады. Нақты жағдайлар болғанда журналистеріміз барып, жан-жақты жағдайды біліп, мәселені ақпарат құралдарына шығарып тарқатын болады. Бұл жоба қандастарды Қазақ еліне бейімдеуге арналған. Біз алдығы уақытта бірнеше көшпелі кездесу өткіземіз. Түрлі орындарда кездесу өткізіп, тек заңдық, құқықтық кеңестер ғана айтпаймыз, Отанды сүю, елді сүю, қазақты сүюге, тіпті қоғамдағы кейбір қандастарға деген теріс түсініктерден арылуға да жұмыс жасап, ұлт тұтастығына қызмет етеміз. Солтүстікке көшпек болған қандастарға қандай тиімділіктер бар екендігі туралы заңдық кеңестер де береміз. Бұған дейін қандастар мәселесін көтеретін ақпарат құралдары, мекемелер мен қоғамдық бірлестіктердің сайттары болған шығар. «Қандастар» сайты Қазақстандағы тек қандастар мәселесіне арналған алғаш реткі мемлекеттік сайт болып табылдаы. «Біткен іске сыншы көп» десе, ал біздің жоба енді басталып жатыр.  Ақылымызды айтып, кеңесімізді береміз дегендер болса, жобаның іске асуына көмектсеміз, әріптестік орнатамыз деген барлық азаматтармен әріптестік орнатып, бірге жұмыс жасауға дайынбыз», деп өзге қоғамдық ұйымдар мен азаматтарды бірге жұмыс жасауға шақырды.

IMG_3694.JPG

Жиналысқа жиналған азаматтар жаңа жобаға құтты болсын айтып, пікірлерін білдірді. Жиналған жастар мен студенттер өздерінің басындағы кейбір жағдайларды, азаматтық алудағы кедергілерді айтып, заңгер мен жоба жетекішілерінен кеңес алды. Біз де бұл жобаға құтты болсын айта отырып, қандастар мәселесінің бір жағынан шыққан «Адырна» қорына алғысымызды білдіреміз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген көп болып көтеріп, қандастар кедергіге ұшырайтын көптеген мәселелердің шешілуіне мұрындық боламыз деген ойдамыз.

IMG_3706.JPG

Тұрдыбек Құрметхан

Jebeu.kz

 


Қос қария Қытай консулдығына хат жазды
ҚАЗАҚСТАНДА ОРАЛМАНДАР ҮШІН АЗАМАТТЫҚ АЛУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ