Сайрагүл Сауытбайдың соты тағы да кейінге қалды

Уақыты: 2018-07-23 Көрлімі: 957 Сипаттама

Бүгін Алматы облысы Жаркент қаласында отбасымен қауышу үшін шекара бұзып өткен Сайраг...

 IMG_4214.JPG

Бүгін Алматы облысы Жаркент қаласында отбасымен қауышу үшін шекара бұзып өткен Сайрагүл Сауытбайдың соты өтті. Сот процесі сағат 10:00 де басталуға тиісті болған. Тараптардың талабы бойынша түстен кейінгі сағат 16:00-ге ауысты.

IMG_4165.JPG

Сотқа Рысбек Сәрсенбай, Мұхтар Тайжан, «Жаңа Қазақстан» қозғалысының мүшелері Әміржан Қосанов, Серікжан Мәмбетәлин сияқты қоғам қайраткерлері мен қоғам белсенділері, айтыс ақыны Айтақын Бұлғаұқов, әнші Меруерт Түсіпбева, ақын Ауыт Мұқибек, Керім Елмес қатарлы журналистер және желтоқсаншылар, барша тілеулес ағайындар болып 150-дей адам жиналды.

IMG_4174.JPG

Сотта Сайрагүлдің адвокаты Абзал Құспан қоғам белсенділері мен зиялы қауым өкілдерінің ҚР президентінің атына, бас прокуратураға жазған ашық хатты сотқа ұсынып,  Сайрагүл Сауытбайдың күйеуінің жеке куәлігін, заңды неке куәлігі және балаларының туу туралы куәліктерін, сондай-ақ, халықаралық балалар құқығын қорғау туралы хаттаманы тіркетті.

IMG_4207.JPG

Осы іске байланысты қандай да бір іс-әрекет пен құжаттарға ерекше назар аударатындығын білдірген айыптаушы жақ жаңа қосқан  құжаттармен тансу үшін уақыт керек деп, бүгін жарыс сөзге дайын еместігін айтты. Осыдан кейін судия айыптаушы мен қорғаушының пікірін ескере отырып, сотты 1 тамыз күні сағат 10:00-ге қалдырды.

IMG_4219.JPG

Жолаушының кешіккенінен дәмелен дегендей, соттың кешіге бергеніне біреу үміттенсе, енді біреу күдіктенеді. Сотқа жиналған барша ниеттес  ағайын күдікті үмітке жеңдіріп, Қазақ соты қалайда Сайрагүлді елге алып қалса деген тілектерін білдіріп қайтты. 

IMG_4225.JPG

Jebeu.kz

 

 

 

 

 


Пікір жазу
  • Нұрсұлтан Назарбаев Денис Теннің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл
    Мемлекет басшысының атына келіп түскен құттықтаулар