Жебеу бірлестігі заңгер Абзал Құспанға сый-құрмет көрсетті

Уақыты: 2018-08-03 Көрлімі: 1768 Сипаттама

2 тамыз күні Сайрагүл Сауытбайдың бостандыққа шығу қуанышына орай Жебеу Республикалық...

2 тамыз күні Сайрагүл Сауытбайдың бостандыққа шығу қуанышына орай Жебеу Республикалық қоғамдық бірлестігі Сайрагүлдің адвокаты Абзал Құспан, Сайрагүл мәселесінің қоғамдық талқыға кеңінен түсуге үлес қосқан журналистер Сәуле Әбілдаханқыз мен Нұргелді Әбдіғаниұлына шапан жауып, сый көрсетті.


«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі аталған азаматтарға бұрынғы Дүниежүзі қазақ қауымдастығының ғимаратында орналасқан Атамекен кафесінде ақ дастархан жәйді. Бірлестік мүшелері Сабыржан Мұхаметханұлы, Ержан Шәріпхан, Дәурен Халмет, Жармұхамет Рахымбекұлы, Базарәлі Әріпұлы, Құрмет Қабылғазы қатарлы азаматтар бірлестік атынан құқық қорғаушы мен журналистерге рақмет айтып, осы істе көрсеткен еңбектеріне ризашылқтарын білдіріп, еркін пікір алмасты. Бірлестіктің қазіргі және қазіргі басшылары Омарәлі Әділбек, Талғат Мамырұлы, Раxым Айып, Қару Хасенұлы, тағы басқа бірлестік мүшелелері өзге қалаларда іс-сапарда және демалыста болғандықтан телефон арқылы сәлемдерін жеткізді.

DCF680A8-5506-4348-89BE-A2F19C22ABB1.jpeg

Заңгер Абзал Құспан Сайрагүл сотының сәтті өткеніне қуанышты көңіл күйін білдіріп, қазіргі кезде өзекті мәселе болғандықтан Қытайдағы қазақтар жағдайында тегін қызмет көрсететіндігін жеткізді. Сәуле Әбілдаханқызы Сайрагүл мәселесі, Қытайдағы қазақтар мәселесі тұтас ұлттық, әр қазақтың береке-бірлікпен бірге атсалысатын мәселесі екендігін айтып өтті. Журналист Нұргелді Әбдіғани қазіргі дейін Қытайдағы қазақтар мәселесі туралы 70-ден артық мақала жазса, оның 20-дан артығы Сайрагүлге арналған деді.

Кездесу барысында жиналған азматтар күрмеуі қиын Қытайдағы қазақтар мәселесінде алдағы уақытта бірге жұмыстар жасауға ниетті екендіктерін білдіріп, осы жолдағы жасалар жұмыстарға сәттілік тіледі. Әңгіме соңында Жебеудің азаматтары қонақтарға «Ерке - Нұр» компаниясы тіккен шапандарды кигізіп, бұл шапандарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше елдің президенттеріне кигізгенін айтты.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Сайрагүл Сауытбайды сот залынан босатуды сұрады
    2018-2019 оқу жылындағы гранттар тізімі жарияланды (толық тізім)