СІМ: ҚЫТАЙ ҚАЗАҚСТАНҒА ӨТІНІШ ЖАСАДЫ

Уақыты: 2018-10-09 Көрлімі: 1075 Сипаттама

Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне 618 азаматтан өтініш келіп түскен. Оның 117-сі – Қ...

6A7CB716-644A-4459-8DC5-48F6630A0AB8.jpeg

Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне 618 азаматтан өтініш келіп түскен. Оның 117-сі – Қытайдың бұрынғы азаматтарынан. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды  тілшісі.

Смадияровтың айтуынша, жыл басынан бері Қытай аумағында қос азаматтығы үшін 22 қандасымыз ұсталған. Қазіргі таңда оның 15-і босатылды. 

"Қазіргі таңда бізге беймәлім болған фактілер анықталып жатыр. Біз оларға көмек көрсетеміз. Қытайдағы елшілік және басқа да консулдықтар бұл мәселемен айналысуда", — деді ол апта сайынғы брифингте. 

Ол Қазақстанның Бейжіңдегі елшілігі, сонымен қатар СІМ құрамындағы консулдық қызмет департаменті Қытайдың Астанадағы елшілігімен тығыз жұмыс істеп жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Қазіргі таңда сыртқы істер министрлігіне 618 азаматтан арыз келіп түсті. Оның 117-сі – Қытайдың бұрынғы, қазіргі Қазақстан азаматтарынан. Олар Қытай азаматтығынан шығуға көмек көрсету туралы арызданып жатыр. Қытай тарапы барлығын қажетті құжатпен қамтамасыз етуде", — деді Смадияров. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, Қытай тарапы Қазақстанға өтініш білдірген.

"Қытай тарапы Қытай азаматтығынан шығатын қандастарымызға міндетті түрде толыққанды ақпарат жеткізуді өтінді. Өйткені қандастарымыз азаматтықтан шығу, құжат тапсыру ережелері секілді біраз ақпараттты білмейді екен. Білмегендіктен осындай жағдайға ұшырап отыр. Қытай тарапы да бұл бағытта жұмыс жүргізіп жатыр", — деді ол.


Нұрсұлтан Назарбаев елордада БҰҰ аясында өтетін шараларды атады
Шетелдік дипломаттар Қорғастағы хабтың жұмысымен танысты