Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беру туралы өтінішті қайта қарауларыңызды сұраймыз

Уақыты: 2018-02-15 Көрлімі: 1004 Сипаттама

ҚР Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровқа;ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовқа;Алма...


fa2e4bbc-6dff-41af-806c-1a63d141f59a.jpg


ҚР Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровқа;

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұхамет Қасымовқа;

Алматы облыстық ІІД Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Ержан Алтаевқа:

Үндеу

Қытай еліндегі қандастарымыз белгілі қысымдарға ұшырауына байланысты Сайрагүл Сауытбай атты қазақ қызы мамыр айында Қорғастағы еркін сауда аймағынан елімізге өтті. 21 мамырда «шекарадан заңсыз өтті» деген айыппен ұсталып, 1 тамызда Алматы облысы Панфилов аудандық соты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 392-бабы 1-тармағы бойынша Сайрагүл Сауытбайды кінәлі деп тауып, 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шартты жаза тағайындан болатын.

Сайрагүл Сауытбайға  адвокат Абзал Құспан 2018 жылдың 25 тамызда Алматы облыстық ІІД-не  саяси пана және босқын мәртебесін беру туралы өтінішін жолдаған. Өтініш бойынша «Пана іздеуші тұлғаның куәлігі» беріледі. 4 қазан күні Алматы облысық көші-қон комитетінде  арнайы комисся ҚХР азаматы  Сайрагүл   Сауытбайға ҚР-да босқын мәртебесін беруден бас тартты.

Сот шешіміндегідей Сайрагүл Сауытбай саяси пікіріне байланысты қудалауға ұшырамағанымен 2017 жылдан бері Қытайдағы қандастарымыздың түрлі қысымға ұшырап жатқаны жасырын емес. Бұл жағында ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапымен арнайы келіссөздер жасауда. Қытайдағы қандастарымыздың жағдайы туралы толық мәліметтерді ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуларыңызға болады. Сайрагүл Сауытбайдың жеке басына оралсақ, Оның күйеуі Уәли Сілам мен балалары Ұлағат Уәли және Үкілай Уәли ҚР азаматы. Сондықтан Сайрагүл қазақтың қарапайым қызы, Қазақстанда тұрақты тұратын екі ҚР азаматының анасы ретінде отбасымен қауышуды мақсат етті. Қытай үкіметі паспортын жинап алып, қайта бермегендіктен шекарадан заңсыз өтуге мәжбүр болды. Өйткені Сайрагүлдің отбасы, бала-шағасымен қауышбағанына 2 жылдай уақыт болған. Алматы облыстық Панфилов аудандық соты да осы жақтарын ескергендіктен 6  ай шартты жаза қолданып отбасында қалдырған еді.

Сайрагүл Сауытбай елге оралғаннан бері барша қазақ халқы Сайрагүлге тілекші болды. Қоғам назары ерекше аударылып, халықтан үлкен қолдау тапты. Қазір де Сайрагүлге босқын мәртебесін беруден бас тартқан комиссия шешіміне халық қатты алаңдауда. Сайрагүл Сауытбай тағы отбасынан ажырап, ҚР азаматтығындағы күйеуі мен балаларын алыстамаса екен дейді.

Сайрагүл Сауытбайға  ҚР үкіметі босқын мәртебесін бермесе, Европа елдеріне шығарса босқын мәртебесін беруі мүмкін. Не боламаса Қытай еліне қайтарылады. Бұның қай-қайсысы болса да бірінші Сайрагүлге, екініші Елімізге тиімсіз. Төрткүл дүниедегі қазақты Мәңгілік елге жинаймын деген Елбасымыздың ұстанымы мен саясатына да тура келе қоймайды. Сондықтан Халықаралық адам құқықтары мен отбасы туралы заңдарды негізге ала отырып, Сайрагүл Сауытбайды Отан анасынан, Сайрагүлдің балаларын анасынан айырмау үшін арнайы комиссия құрып Абзал Құспанның Сайрагүл Сауытбайқа босқын мәртебесін беру туралы өтінішін қайта қарауларыңызды сұраймыз.

Қытайдағы қандастар белгілі қысымдарға ұшырағаннан бері ҚР дипломаттары өз қандастарына араша түсті. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қытай тарапымен арнайы келіссөздер өткізді. ҚР Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді 17-19 сәуірде Үрімші қаласына жасаған жұмыс сапары барысында қандастар мәселесін ШҰАР партия комитетінің хатшысы, ҚКП Орталық комитетінің саяи бюросының мүшесі Чэнь Цюаньго және басқа үкімет басшыларымен өткізген келіссөзде егжей-текжейлі талқылады. Мамыр айындағы ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың, маусым айындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты ҚХР-ға сапарынан кейін Қытайдағы қандастар мәселесі оң шешімін таба бастады. Осы сияқты Қытайдағы қандастардың жағдайы бойынша жасалған дипломатиялық жұмыстың жемісін Сайрагүл Сауытбайдың да игіліктенуге құқы бар. Сайрагүл Сауытбайды елге қалдыру екі ел саясаты мен Қытайдағы қандастар мәселесі бойынша жасалған дипломатиялық жұмыстарға еш салқынын тигізбейді деп санаймыз. Бұл туралы Сайрагүл Сауытбай бостандыққа шыққан кезде ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов та ақпарат құралдарына «Сайрагүл Сауытбайдың бостандыққа шығуы Қазақстан мен Қытайдың қарыс-қатынасына ешқандай салқынын тигізбейді» деген пікірін білдірген болатын. Сондықтан Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін бергенде саяси тұлға ретінде емес, елінен пана іздеген қандас ретінде қарасақ елге қалдыруға негіз бар.

 

«Жебеу» Республикалық қоғамдық

бірлестігінің төрағасы                                      Омарәлі Әділбек


A81E6898-6D1A-4C17-931D-B6605337F9D5.jpeg


C0D3E7A0-9F75-4EBC-8930-E0D7199CB37D.jpeg


B77BB58E-EC87-494A-9B95-95095AE288E4.jpeg

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Қазақстанда алтын өндірісі артты
    "Қасиетті Қазақ Елі" атты xалықаралық өнер фестивалі өтеді