Электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған

Уақыты: 2018-10-29 Көрлімі: 71 Сипаттама

2018 жылдан бастап Жаңа салық кодексіне сәйкес электронды саудамен айналысатын кәсіпкер...

cec80bc4e2293965d1ce65e9fcf185363.png

2018 жылдан бастап Жаңа салық кодексіне сәйкес электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жеңілдіктер интернет саудадан түскен табыс кәсіпкердің барлық табысының 90%-ын құраған жағдайда ғана беріледі. 

Сонымен қатар, төлем тек қана карточкамен жүруі керек. Сатып алушымен мәміле электронды түрде жасалуы, сатушының өзінің жеткізу қызметі жұмыс жасауы керек.

 Жоғарыдағы талаптардың барлығы бар болған жағдайда кәсіпкер салық органдарына тіркелуге міндетті болады.

Бүгінде Алматыда 57 кәсіпкер интернет саудасымен айналысатын кәсіпкер ретінде тіркелген. 

Алматыда 27 заңды тұлға, 30 жеке кәсіпкер электроника, киім, аяқ киім тағы басқа халық тұтынатын тауарларды интернет кеңістігінде сатумен айналысады. Енді бұлар табыс салығын төлемесе де болады деп хабарлады ҚазАҚпарат тілшісі.

Jebeu.kz








Қазақстан Президенті АҚШ-тың Сауда министрі Уилбур Росспен кездесті
Қазақ әдебиетінің антологиясы қытай тіліне аударылатын болады

Ұқсас тақырыптар