Қазақ әдебиетінің антологиясы қытай тіліне аударылатын болады

Уақыты: 2018-11-01 Көрлімі: 1149 Сипаттама

17 қазанда ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ш.Нұрышевтың «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қордың а...

b856c99d5dc6175169e9fdbc49417cbf.jpg

17 қазанда ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ш.Нұрышевтың «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қордың атқарушы директоры Р.Кенжеханұлының қатысуымен Қытай «Ұлттар баспасының» Партия комитетінің хатшысы - басшысы Пяо Юнжимен кездесуі өтті.

Пяо Юнжи «Ұлттар баспасы» Қытайда тұратын 56 этностың тілдерінде жалпы тиражы 20 миллионды құрайтын мыңнан астам атаудан тұратын көркем әдебиетті жыл сайын аударатын және басып шығаратын Қытайдың арнайы мемлекеттік мекемесі екені туралы хабарлады. Баспаның құрамында 1953 жылдан бастап қазақ редакциясы да жұмыс істейді. Ол Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бастап екі тараптың арасында тығыз ынтымақтастық орнатылғанын атап өтті. Мысал ретінде 27 жылдан бері баспамен көптеген қазақ авторларының еңбектері, соның ішінде Абайдың «Қара сөздері» қытай тіліне аударылғанын айтты.

Ш.Нұрышев ҚР мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейінің арқасында соңғы уақытта тығыз мәдени-гуманитарлық әрекеттестікке өзара қызығушылық байқалатынын ерекше атап өтті. Елші сұхбаттасушыны өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі баптарымен таныстырды.

«Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру мақсатында кездесудің қорытындысы бойынша «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық қордың атқарушы директоры Р.Кенжеханұлы мен ҚХР «Ұлттар баспасының» Партия комитетінің хатшысы Пяо Юнжи «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясын» және «Қазіргі қазақ прозасының антологиясын» қытай тіліне аудару және басып шығару жөніндегі Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.


Аталған Келісімге сәйкес «Ұлттар баспасы» қазақстандық ақындар мен жазушылардың еңбектерін сапалы аударудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ҚХР-дың ұлты қазақ азаматтарының ішіндегі ең үздік аудармашыларын тартуға келісті.

«Жаһандану әлеміндегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының шеңберінде қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің үлгілер жиынтығын БҰҰ-ның 6 тіліне (ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз) аудару жүзеге асырылуда екенін еске саламыз. Жоба Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Жобаның міндеті – бүгінгі әлемге біздің әдебиетіміздің, музыкамыздың және бейнелеу өнеріміздің, хореграфиямыздың, кино және театрымыздың тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерімен таныстыру. Жобаның шеңберінде екі антологияны аудару және басып шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл – «Қазіргі қазақ поэзиясының антологиясы» және «Қазіргі қазақ прозасының антологиясы».


Дереккөз: ҚР Сыртқы істер министрлігінің сайты

Пікір жазу
  • Электронды саудамен айналысатын кәсіпкерлерге салықтық жеңілдіктер қарастырылған
    Абаев: Азия мен Еуропа арасында цифрлық көпір болғымыз келеді

    Ұқсас тақырыптар