Дархан Кәлетаев: Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың өзіндік үлгісі қалыптасты

Уақыты: 2018-11-29 Көрлімі: 914 Сипаттама

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақста...

1543386970_article_b_1500_.jpeg

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Қазақстанның Азаматтық форумының пленарлық отырысының ашылуында Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдары- қоғамдық прогрестің, сондай-ақ,  оң өзгерістердің қозғаушы күші болып табылатынын атап өтті. 

Өз баяндамасында Қоғамдық даму министрі үкіметтік емес сектордың дамуы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан үкіметтік емес ұйымдары әлеуметтік прогрестің, оң өзгерістердің қозғаушы күші.  Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап ҮЕҰ сіздің сенімді жақтаушыларыңыз  бола білді. Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың өзіндік үлгісі қалыптасты. Бұл тұрғыда Қазақстанның жетістігі айқын, ол жаңғыруға, табысқа жетуге, үздік әлемдік стандарттар мен тәжірибелермен танысуға бағытталғанжаңаша ойлайтын азаматтарды қалыптастыруға  септігін тигізді», - деді Мемлекет басшысы алдында сөйлеген сөзінде Д. Кәлетаев.

Министр Қазақстанның үкіметтік емес секторы елмен бірге дамып, дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, 2018 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі 20 млрд. теңгеге жетті.

img_9559.jpg

«Бүгінде ҮЕҰ қаржыландыру 14 бағыт бойынша жүзеге асырылуда. Соның ішінде қаражаттың үштен бірі - әлеуметтік жобаларға; төртінші бөлігі - білім беру саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге; жастар саясатын қолдауға; бесінші бөлігі - азаматтық қоғамның дамуына жәрдемдесуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталады. Осылайша, тұтастай алғанда, ҮЕҰ секторы институционалды тұрғыда  нәтижелі болды деп айтуға болады.  Бұл елдің дамуында айтарлықтай рөл атқарады», - деді Дархан Кәлетаев.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Әріптестік. Сенім» тақырыбында Қазақстанның VIII Азаматтық форумы өтуде.

Дереккөз: ҚР Қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Бейжіңдегі қазақстандық балаларды дамыту орталығында Тұңғыш Президент күнін атап өтті
    Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қандастардың шағымын қабылдап жатыр