Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы қандастардың шағымын қабылдап жатыр

Уақыты: 2018-11-30 Көрлімі: 2141 Сипаттама

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбе...

9e3631f2b5e1828a8dd3c58597b6178c-364x225.jpg

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков мырза 27 қараша 2018 жылы Алматы қаласында оралмандармен кездесу өткізді. Осы кездесудің нәтижесінде Қауымдастық пен «Отандастар қоры» бірігіп жұмысшы тобын құрды.

Мақсаты: Жекелеген адамдардың, бөлініп қалған отбасылардың арыз шағымын құзырлы мекемелерге жеткізіп, жинақталған мәселелердің оң шешімін табуына ықпал ету және бақылау болып табылады. Жұмысшы тобының екі адамы іс-сапармен  Алматы қаласына барып,  арыз, шағым қабылдайды.

IMG_4980.JPG

Жұмысшы тобының құрамында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығынан Қарылғаш Бекпатшақызы, Рахым Айыпұлы, Серік Ахметов, «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның өкілі Айнұр Қонақбаева, қоғамдық ұйым өкілдерінен Омарәлі Әділбекұлы, Мұқан Мамытқанұлы бар.

Жұмысшы тобы 30 қараша күннен бастап қандастарды қабылдап жатыр. Бүгін жұмысшы тобы сағат 10:00-де алғашқы жиналыстарын өткізіп, қандастардың шағымын қабылдау және шешу жолдарын талқылады. Артынан келген қандастардың шағымын қабылдап, ақыл-кеңестерін беріп жұмысты бастап кетті.

Келіп арыз шағымын өткізбекші қандастар  Алматы қаласы, Ш.Уалиханов 43. А. әдірісінде орналасқан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 4 - қабатына баруға болады.

Байланыс жасаушы Қарылғаш Бекпатшақызы

Телефон: 8701 752 11 83

IMG_4985.JPG

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Дархан Кәлетаев: Елімізде азаматтық қоғамды дамытудың өзіндік үлгісі қалыптасты
    Қорқыт мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енді