ДҚҚ М. Әбілқасымоваға қандастардың шағымын жеткізді

Уақыты: 2018-12-22 Көрлімі: 2136 Сипаттама

Дүниежүзі қазақтарs қауымдастығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін...

Снимок.JPG

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қандастардың шағымын жеткізді. Хатта ДҚҚ қызмет тобы Алматы қаласындағы жиналған арыз шағымдарын таныстырған. Сонымен бірге,  соңғы үш жыл екі ел аралық еңбек келісім шартының мерзімі аяқталғандықтан, Монголиядан келген қандастарымыз зейнетақысын ала алмай, азғантай жәрдем ақыға қарап қалғанын айтып, осы жағдайдың оң шешімін табуға ықпал етулерін сұраған. 

Хатқа қосымша ретінде "Жебеу" Республикалық қоғамдық бірлестігі мен Abai.kz ақпараттық порталының ормалман мәртебесінің уақыты өткен қандастардың мәселесін шешеу жөніндегі үндеуін (http://jebeu.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=5&id=1183)  қоса жіберген. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Бейжің қаласында Тұңғыш Президенті күніне және Тәуелсіздік күніне арналған қабылдау өтті
    Бейбіт Атамқұлов ҚР Сыртқы істер министрі болды