Үрімжіде қазақстандық өнерпаздардың концерті өтті

Уақыты: 2019-01-02 Көрлімі: 1677 Сипаттама

28 желтоқсан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фоль...

20181231171455.jpg

28 желтоқсан күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен «Гәкку» би ансамблі Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Үрімжі қаласында концерт өткізді. Өнер кеші Астананың 20 жылдығы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының бес жылдығына арналды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

20181231171412.jpg

Іс-шараны Қазақстанның Қытай халық республикасындағы елшілігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрі ұйымдастырды. Қолдау көрсеткен - ҚХР ШҰАӨ сыртқы істер, мәдениет және туризм басқармасы. Оған Шыңжаңның мемлекеттік орган өкілдері мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ қазақстандық студенттер қатысты. 

20181231171424.jpg

Концертте Кеңес Дүйсекеевтің «Айнакөл» әні, халық әні «Ахау керім» шырқалып, Дәулеткерейдің «Көроғлы», Ықыластың «Жезкиік», Құрманғазының «Балбырауын» күйлері орындалды. «Гәкку» ансамблінің мың бұралған бишілері «Сыйлық», «Кербез қыз» билерін биледі.

20181231171416.jpg

20181231171428.jpg

Садық Әкежанов

Дереккөз: "ҚазАқпарат"








Пікір жазу
  • Елбасы жыл қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті
    Елімізде жәрдемақы өсті

    Ұқсас тақырыптар