Қазақстандықтар визасыз қанша елге бара алады

Уақыты: 2019-01-09 Көрлімі: 139 Сипаттама

Henley & Partners компаниясы жариялаған төлқұжаттар индексі халықаралық рейтингісінде Қазақс...

1314.jpg

Henley & Partners компаниясы жариялаған төлқұжаттар индексі халықаралық рейтингісінде Қазақстан 67-орында тұр. 

Индексте барлық елдің визалық режимі зерттеліп, азаматтардың елдер арасында жүріп-тұру еркіндігі анықталған. Визасыз режимге сүйенген рейтингіде Қазақстан 67-орында түр. Қазақстандықтар 76 елге визасыз бара алады. 2018 жылы бұл тізімге 5 ел қосылып, индексте екі сатыға жоғарылады.

Рейтингінің басында Жапония тұр. Бұл елдің азаматтары 190 елге визасыз бара алады. Одан кейінгі орында 189 елмен визасыз жүріп-тұру келісімі бар Оңтүстік Корея мен Сингапур орналасты. Үшінші орында Франция мен Германия (188 ел). 

ТМД елдерінен Ресей – 48 (119 ел), Украина – 41 (128 ел), Беларусь – 66 (77 ел), Әзербайжан – 74 (66 ел), Өзбекстан – 80 (56 ел), Қырғызстан – 76 (64 ел), Тәжікстан – 80 (56 ел) және Түрікменстан 85-орында (53 ел) тұр. Индекс соңына Ирак пен Ауғаныстан (30 ел) жайғасқан. 

Henley & Partners компаниясы төлқұжаттар индексін 2006 жылдан бастап жариялап келеді. Елдердің визасыз режиміндегі өзгерістер туралы жедел ақпараттандыру мақсатында 2018 жылдан бастап индекс жылына бірнеше рет жаңартылады.

Jebeu.kz



Қазақстанда құқықтық кеңес алу тәулік бойы жүргізіледі
«Төртеу түгел болса» атты дөңгелек үстел өтті