«Төртеу түгел болса» атты дөңгелек үстел өтті

Уақыты: 2019-01-11 Көрлімі: 506 Сипаттама

10 қаңтарда «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Төр...

8ec893b3-c296-45ff-a2e8-4ecd7c826b0b.jpg

10 қаңтарда  «Ел аманаты» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында «Төртеу түгел болса» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге жазушы Қабдеш Жұмаділов, тарихшы Нәбижан Мұқаметханұыл, «Ел Аманаты» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Ырысбек Тоқтасын, Жұмабек Әлімханұлы, Саяхат Асимхан қатарлы азаматтар Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы, Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасы қатарлы мемлекеттік мекемелердің өкілдеріне қандастардың құжаттану барысындағы мәселелерін жеткізді.

84127b06-d160-4f34-9bf0-1fd6ae48df1d.jpg

Кездесуде қандастарымыздың тұрақты тіркеуге тұру, оралман куәлік пен ықтиярхат және ҚР азаматтығына құжат жинау барысындағы мәселелері талқыланды. Оралман куәліктерінің уақыты өтуіне байланысты ҚР азаматтығын ала алмай, Қытайдан келген қандастардың ҚХР паспорттарының да уақыты өтіп кеткені айтылды.

0cc714d5-9af4-45f3-a151-41c472d616d6.jpg

Алматы қаласы Мемлекеттік еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасының өкілі бұған дейінгі Оралман куәлігінің уақыты өтіп кетіп, ҚР азаматтығын ала алмай жүрген қандастарға жеңілдіктер қарастырылып жатқанын, осы жылың бірінші жартысына дейін шешімін табатынын айтып өтті.

«Ел Аманаты» бірлестігі аталған мәселелер бойынша үндеу жариялап, құзырлы орындарға жеткізетіндігін хабарлады.

Jebeu.kz

 


Пікір жазу
  • Қазақстандықтар визасыз қанша елге бара алады
    Артық қыламыз деп тыртық қылып жатырмыз – Сағынтаев

    Ұқсас тақырыптар