Назарбаев Президенттік өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді

Уақыты: 2019-03-19 Көрлімі: 1226 Сипаттама

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқ...

99b89afd5e7b5fe3364845a6daee5e4f.jpg

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде Президенттік өкілеттігін тоқтататынын жариялады.

Әрі Мемлекет басшысының қызметін атқарушы болып - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бекітілді. Назарбаев өз сөзінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстанды басқаруға лайық тұлға екенін айтты.

Айта кетерлігі, Елбасы елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қызметінде қала беретінін мәлімдеді.

- Халқымыздың қамы - менің мүддем болып қала береді. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы ретіндегі алдағы менің міндетім - басшылардың жаңа буынының билікке келуін қамтамасыз ету. Олар елімізде жаңғырту процестерін жалғастыратын болады, - деді Президент Қазақстан халқына арналған мәлімдемесінде.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • «Nur Otan»-ның алдағы жұмыстарының негізгі бағыты белгілі болды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Президент өкілеттігін атқаруға кірісті

    Ұқсас тақырыптар