Жәди Шәкенұлы оқырмандарына бес жаңа кітап ұсынды

Уақыты: 2019-04-12 Көрлімі: 92 Сипаттама

2019 жылы сәуірдің 11 күні Алматыдағы Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде, Жазушы Жәди...

WhatsApp-Image-2019-04-11-at-14.25.334.jpeg

11 сәуір күні Алматыдағы Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде, жазушы Жәди Шәкенұлының бес кітабының тұсаукесері  өтті.

Бұл шараны Оспан батырдың 120 жылдығына орай «Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан Жазушылар одағының қолдауында, «Ел аманаты»  қоғамдық бірлестігінің ұйтқы болуымен ұйымдастырылып өткізген. Тұсау кесерге зиялы қауым өкілдері мен жазушының оқырмандары қатысты. Сонымен бірге өнерпаздар ән мен күйден шашу шашты.

WhatsApp-Image-2019-04-11-at-14.25.33-768x512.jpeg

Бұл жолы жазшының  «Бозмұнар» роман-хикаяттар кітабы мен қатар «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты қаламгер шығармашылығы жайында жазылған өзге авторлардың мақалалар жинағы сынды бес жаңа кітабі таныстырлды. Сонымен бірге  «Қаралы көш» романын А.Байтұрсын үлгісіндегі төте жазуда қайта басып шығарған.

WhatsApp-Image-2019-04-12-at-05.41.15.jpeg

Жазушы, әдебиеттанушы, Профессор Темірхан Тебегенов, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Жанат Ахмади, ақын Ғалым Жайлыбай, Этнограф-жазушы Болат Бопайұлы, Ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, «ЕрЖәнібек» Халықапалық қоғамдық қорының президенті Жеңіс Түркия, Оспан батырдың немересі Өркен Нәбиұлы қатары зиялы қауым өкілдері мен ел ағалыры кітаптың тұсауын кесіп, жазушыға құттықтау сөздерін арнады.

Қазақстан жазушылар одағы басқармасы,  «Отандастар» қоры, Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының Алматы қаласы, Алматы обылысы бөлімшесі, «Жұлдыз» журналы ұжымы, «Ер Жәнібек» халықаралық, қоғамдық қоры қатарлы орындар Жәди Шәкенұлына құттықтаулар жолдады.

Jebeu.kz

 

 


Тоқаев: Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз
Дәурен Қуат "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанды

Ұқсас тақырыптар