Дәурен Қуат "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанды

Уақыты: 2019-04-12 Көрлімі: 2219 Сипаттама

"Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Abai.kz ақпараттық порталының құрылтайшысы, жазу...

photo_116078.jpg

"Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы, Abai.kz ақпараттық порталының құрылтайшысы, жазушы Дәурен Қуат "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанды.

"Қазақ әдебиеті" газетінің жазуынша, Қазақстан Жазушылар одағы хатшылығы мәжілісінің шешімімен 2019 жылдың 5 сәуірі күні Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығы (2017-2018) төмендегі қаламгерлерге берілген.

Олар:

Ғұсман Жандыбаевқа “Арман ауыл” өлеңдер жинағына;

Нұрдәулет Ақышқа “Рақымсыз көктем” әңгімелер жинағына;

Сайлаубай Жұбатырұлына “Абыржы”  3 томдық шығармалар жинағына;

Қайсар Әлімге “Міржақыптың оралуы, Возвращение Миржакипа” хикаят сапарнамасына;

Шәмшиябану Хамзаға II томдық шығармалар жинағына;

Мира Шүйіншалиеваға “Ар азабы” пьесалар, хикая мен әңгімелер жинағы үшін;

Дәулеткерей Кәпұлына “Терісбұрау” өлеңдер жинағына;

Мырзан Кенжебайға “Өттің дүние” өлеңдер жинағына;

Сайлаубай Тойлыбаевқа  “Сарноқай саздары” жинағына;

Нармахан Бегалиевке "Жаз - жалбыз" өлеңдер жинағына;

Байбота Қошым-Ноғайға "Жұмақ нұры" өлеңдер жинағы;

Зейнолла Тілеужановқа «От адам» өлеңдер жинағына;

Нұржан Қуантайұлының «Асыл сөз» роман және әңгімелер жинағына;

Дәурен Қуатқа “Бөрісоқпақ” әңгімелер жинағына;

Өмірзақ Қажымғалиевке “Жаңғырық” трилогиясы үшін;

Мінуар Әкімхановқа “Көңілге тұнған көп сурет” өлеңдер жинағына;

Патигүл Мақсатоваға Патям “Хар пәсилнин гузаллиги бар” өлеңдер жинағына;

Әмина Құрманғлиқызына “Әулет пен нәубет”  шығармалар жинағына;

Серікбай Оспановқа “Алқоңыр” өлеңдер жинағына берілді.

Осы орайда жазушы Дәурен Қуатты және Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері атанған барша қаламгерлерді құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Жәди Шәкенұлы оқырмандарына бес жаңа кітап ұсынды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барды