Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды

Уақыты: 2019-04-23 Көрлімі: 291 Сипаттама

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының ХІХ съезінде партия төрағасы Нұрсұл...

99393E72-BEE2-439F-9E91-E93F17D62871.jpeg

Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының ХІХ съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Тоқаевты "тәжірибелі саясаткер" деп бағалады.

- Менің саясатымды қазақстандықтардың басым бөлігі қолдайтынын білемін. Бұл маған сенім ұялатады. Адамдарға тұрақтылық керек. Қазақстан президентімен бірлесіп елді күшейту жолында жұмыс істеймін, - деді Елбасы.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 сәуірде республикалық арналар эфирінен жасаған мәлімдемесінде Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2019 жылдың 9 маусымында өтетін жариялаған.

Қазақстанда кезектен тыс өтетін президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталған. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қазақстан мен Корея арасында жаңа келісімдер бекітілді
    Н. НАЗАРБАЕВ: «Жібек жолы белдеуі» идеясы мен біздің «Нұрлы жол» бағдарламасының синергиясы бар