Н. НАЗАРБАЕВ: «Жібек жолы белдеуі» идеясы мен біздің «Нұрлы жол» бағдарламасының синергиясы бар

Уақыты: 2019-04-25 Көрлімі: 1074 Сипаттама

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Жібек...

zholdau.jpg

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың «Жібек жолы экономикалық белдеуі» жобасы мемлекеттерге қаншалықты пайда әкелетінін айтып берді. Елбасының осыған қатысты шағын сұхбаты ҚР Президенті Телерадиокешенінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды

Аталмыш сұхбатта "Жібек жолының экономикалық белдеуі Еуропа мен Азия елдерінің тарихи байланысты жаңғыртқалы отыр. Қазақстан осы байланыстың әрдайым ортасында тұр. Осындай көптеген жолдар Қазақстан арқылы өткен. Парсы немесе Ауғанстан, Каспий, Ресей арқылы Қазақстанды басып өткен жолдар көп. Осы себепті, біз үшін бұл өте маңызды.

Атауының өзі де - экономикалық белдеу. Дәл осы бағдардың бойында экономика дамып, халықтар бір-бірімен тілдесіп, сауда-саттық өркендейтін болады. Қай жағынан - саяси немесе экономикалық, инфрақұрылымдық жағынан алып қарасаңыз да, бұның маңызы өте зор. «Жібек жолы белдеуі» идеясы мен біздің «Нұрлы жол» бағдарламасының синергиясы бар. Олар бірін-бірі толықтырады. Қазіргі таңда «Қорғас» - Шығыс қақпасы салынып жатыр. Бұл - Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен жобасы. Бұл - өз өнеркәсібімізді дамыта отырып, инфрақұрылымды жетілдіретін өте үлкен сауда орталығы.

Одан бөлек, Батыс Қытай - Батыс Еуропа автокөлік жолы бүкіл Қазақстанды басып өтеді. Өзіңіз қараңыз, Қытайдың шекарасынан бастап Қазақстан арқылы барлық коммуникацияның түрі өтеді. Осы көліктік байланыстың жолында тұратындардың барлығы да - үлкен пайдаға кенеледі. Жаңадан станциялар бой көтеріп, адамдар жұмысқа ие болады. Өндіріс дамиды, көлік саласындағы қызмет көрсету жолға қойылып, қонақ үйлер салынады. Бір сөзбен айтқанда, далада тіршілік жанданады.

Осылайша, біз Парсы шығанағының портына шыққалы отырмыз. ҚХР да дәл осындай сипатта жұмыс жүргізіп, Шығыс және Батыс қақпасын дамытуда. Каспий теңізінде Ақтау порты бар десек, сол теңіз арқылы Иранмен сауда-саттық жасау мүмкіндігі бар. Кавказ арқылы Қара теңізбен Еуропаға да жол ашылады. Жібек жолының Батыс қақпасы деген осы. Сондықтан, Жібек жолы белдеуі бағдарламасы мен біздің «Нұрлы жол» бағдарламасының пайдасы мен жанасу жайы өте маңызды. Бұл тек қана жол емес - электр желілері, тұрғын үй құрылысы, әртүрлі кәсіпорындардың құрылысы. Осының бәрі біздің елдердің арасындағы тауар айналымын арттырады. Осы белдеу қателеспесем, 60 ел арқылы өтеді. Байланыс орнатылғаннан кейін бәрі де тұрақтылыққа ден қояры даусыз. Демек, достық пен сенім беки түседі", - деген Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 25-27 сәуір аралығында Бейжіңде Қытай үкіметі ұйымдастырған «Бір белдеу, бір жол» атты екінші форум өтеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев форумға "құрметті қонақ" ретінде қатысады.  

Jebeu.kz



Пікір жазу
  • Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» атынан үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты ұсынды
    Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының «Достық» орденімен марапатталды