Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан БҰҰ бітімгерлік миссияларын қолдайды

Уақыты: 2019-05-28 Көрлімі: 1026 Сипаттама

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Хареме...

cc981b1cc80aae619d9f0fe0acab45b4-slider.jpg

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасарлары Атул Харемен және Жан-Пьер Лакруамен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында бейбітшілікті қамтамасыз ету ісіндегі Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қауіпсіздік және ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

 - Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының міндеттері мен мақсаттарын құрметтейді. Біз БҰҰ Бас хатшысы ұсынған реформаларды, соның ішінде бітімгерлік миссияларды қолдаймыз. Біз бітімгерлік қызметтің тиімділігін арттыру үшін ынтымақтастық орнатуға дайынбыз. Өкінішке қарай, қазіргі әлем өте құбылмалы болып тұр. Сондықтан, біздің бірлескен қызметіміз жер шарын мейлінше тұрақты әрі қауіпсіз етеді деп үміттенемін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Атул Харе БҰҰ аясындағы бітімгерлік операцияларға қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға алғыс білдірді.  

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Назарбаевқа Түркі кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілді
    Бүгін президенттікке кандидаттардың телевизиялық пікірталасы өтеді