Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 процент дауыспен жеңіске жетті

Уақыты: 2019-06-10 Көрлімі: 139 Сипаттама

ҚР Орталық Сайлау комиссиясы сайлаудың алдын-ала қортындысын жариялады. Сайлау қортын...

a473daad4da92a4d9d0d169f7fe5d038.jpg

ҚР Орталық Сайлау комиссиясы сайлаудың алдын-ала қортындысын жариялады. Сайлау қортындысы бойынша ҚР Президенті сайлауында Нұр Отан Партисясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті.

ҚР ОСК-ның мәліметі бойынша Жамбыл Ахметбеков 167 249  дауыс немесе сайлаушылардың 1,83 процент дауысын, Дания Еспаева 478 153  дауыс немесе сайлаушылардың 5,2 процент дауысын, Әміржан Қосанов 1 472 733 дауыс немесе  сайлаушылардың 16,02 процент дауысын, Төлеутай Рахымбеков 294 271 дауыс немесе 3,2 процент дауысын, Амангелді Таспихов 190 304 дауыс немесе сайлаушылардың 2,07 процент дауысын, Қасым-Жомарт Тоқаев 6 504 054 немесе сайлаушылардың 70,76 процент дауысын, Сәді-Бек Түгел 84 348 дауыс немесе сайлаушылардың 0,92 процент дауысын  жинаған.

Осы орайда еліміздегі билік ауысы барысында өткен сайлауда халықтың басым бөлігінің таңдауына таңдауы түсіп, жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Кемелұлын құттықтаймыз. Сайлауалды бағдарламасында айтылған барлық жоба-жоспарларын орындап, Қазақстан Республикасының әр азаматына тең мүмкіндік туғызатын әділетті, дамыған қоғам құруға еңбек етуін тілейміз.

Jebeu.kz

 



 

 


Пікір жазу
  • Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды
    Кандидаттардың өңірлер бойынша жинаған дауыстары белгілі болды