БҰҰ-ның Бас хатшысы: Сізді тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз

Уақыты: 2019-06-12 Көрлімі: 153 Сипаттама

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент...

22878304-b785-4622-846b-cbcd84e75710.jpeg

Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп Ақ ордаға сілтеме жасап хабарлаймыз. 

БҰҰ-ның Бас хатшысы Мемлекет басшысына табыс тілеп, оның жоғары лауазымдағы қызметі Қазақстан халқының ырысы мен бірлігін нығайтуға бағытталатынына сенім білдірді.

– Сізді Біріккен ұлттар ұйымында тәжірибелі де танымал саяси қайраткер ретінде жақсы білеміз. Өзіңізді досымыз деп санаймыз, – деді А.Гутерриш.

Қасым-Жомарт Тоқаев Антониу Гутерришке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның БҰҰ-мен ықпалдастығын одан әрі пәрменді түрде жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сұхбат барысында екіжақты ынтымақтастық пен жаһандық Ұйымның күн тәртібіндегі мәселелер талқыланды.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Алматыдағы митинг: түндегі оқиғалар хронологиясы
    Қ. Тоқаев: Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек

    Ұқсас тақырыптар