Тоқаев сот шешімдерінің сапасын арттыру мен өтініштерді әділ қарау қажеттігін айтты

Уақыты: 2019-07-12 Көрлімі: 981 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, де...

20190712124924.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президентіне Жоғарғы Соттың биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары және сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берілді. 

Жақып Асанов Азаматтық процессуалдық кодексті одан әрі жаңғыртуға бағытталған заң жобаларының дайындығы және жаңа әкімшілік әділет институтын енгізу жөнінде баяндады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешімдерінің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін мұқият әрі әділ қарау қажеттігін айтты. Президенттің пікірінше, судьялардың құзыреттігін және оларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алу керек.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Елордада «Қасиетті қазақ елі» атты дәстүрлі халықаралық өнер фестивалі өтті
    Білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданады