Білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама қабылданады

Уақыты: 2019-07-15 Көрлімі: 1004 Сипаттама

Жыл соңына дейін «2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарл...

photo_97448.jpg

Жыл соңына дейін «2025 жылға дейінгі білім мен ғылымды дамыту туралы мемлекеттік бағдарлама» бекітіледі. 

Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин президенттің қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді. 

«Осы жылдың соңына дейін «2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бекітіледі. Оның аясында үш кезеңдік мектеп мәселесі шешіледі», - деді ол.

Премьер-министрдің хабарлауынша, елімізде 100-ден астам жекеменшік мектеп пен 3 мыңға жуық балабақша ашылады. 

«Барлығы 500 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде өздігінен қаржыландыру есебінен 100-ден астам жекеменшік мектеп ашылады. Бұдан бөлек мемлекеттік-жекешелік кәсіпкерлік механизмі бойынша 3 мыңға жуық жаңа балабақша ашылады», - деді Мамин.

Айтуынша, 2021 жылға қарай еліміздегі мектеп, колледж және ЖОО-лар оқудың жаңа бағдарламасына толық көшеді.

«Мұнымен бірге кішігірім мектептердің білімінің сапасына, ауыл және қала мектептерінің арасындағы айырмашылықты азайтуға ерекше назар аударылады... Жатақханаларда орынмен қамтамасыз ету үшін 2022 жылдың соңына дейін 75 мың орын, осы жылдың соңына дейін 8 мың орын пайдалануға беріледі», - деді премьер-министр.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы ғылым саласында оның тиімділігін арттыру үшін ғылымды қаржыландыру және басқарудың жаңартылған жүйесі енгізіліп жатқанын атап өтті. Ол процедуралардың ашықтығы мен бөлінетін қаржының тиімділігін қамтамасыз етеді екен.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Тоқаев сот шешімдерінің сапасын арттыру мен өтініштерді әділ қарау қажеттігін айтты
    Тоқаев: Баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзекті проблема екенін түсінулеріңіз қажет