МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІҢ КӨМЕКШІСІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Уақыты: 2019-07-31 Көрлімі: 105 Сипаттама

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің...

0b7f85ea08c09995069d61fa2e2f8661.jpg

Мемлекет басшысының жарлығымен Мәулен Әшімбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, деп Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Мәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты.

1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінде жұмыс істеді. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі. 1995 жылғы маусым - қараша аралығында - Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты. 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі. 2000-2002 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры. 2005-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2006-2011); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (2012-2016); VІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (2016-2018).

2018 жылдың ақпанынан бері «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.  «Құрмет» орденімен (12.2007); «10 жыл Астана» медалімен (2008); Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен (2001) марапатталған.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • А. Мамин: Ауыл шаруашылығының дамуына серпін беретін жобаларды іске асыру керек
    Астана процесі: Тараптар Сириядағы оқ атуды тоқтатуға уағдаласты

    Ұқсас тақырыптар