Қалалық ТЖД Алматыдағы сел қаупі жөнінде: алаңдауға негіз жоқ

Уақыты: 2019-08-14 Көрлімі: 147 Сипаттама

Алматының қалалық ТЖД Қарғалы өзеніне қатысты толық ақпарат берді, деп ҚазАқпаратқа сі...

190814114836770e.jpg

Алматының қалалық ТЖД Қарғалы өзеніне қатысты толық ақпарат берді, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлаймыз. 

«Қазәуеқұтқару», «Алматы Құтқару» қызметінің борттары мен Ұлттық ұланның жеке құрамы дайын тұр. ТЖД-ның барлық қызметтері шұғыл жағдайға әзірленді», - деді қалалық ТЖД өкілдері. 

Құтқарушылардың мәліметінше, Қарғалы өзенінің басындағы көлдің суын жіберу жұмыстары 6 маусымда басталған. Бұған 6 сорғыш, сифон желісі іске қосылған. Сондай-ақ, экскаватормен транзиттік су жүргізу үшін басқа арна қазылған.  

Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, көлден 1,6 млн текше метр су жіберілген. Бастапқыда су көлемі 77 мың текше метр болған. 

Алдын ала су басуы ықтимал 8 учаске белгіленді. Шұғыл әрекет етуге 59 техника, 216 адам жұмылдырылды. 

«Қазіргі таңда Қарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Дәл қазір 3,6 текше метр су жіберіп жатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді ТЖД өкілдері. 

Айта кету керек, бүгін таңға жақын Алматының Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын. ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та Қарғалы өзенінің басындағы көлде атқарылған жұмыстар жайында айтып берді.

«Жоғары жақтан келе жатырмын. Таң атқалы сол жақта жүрміз.Тиісті шаралар қабылданды.Қорқатын ештеңе жоқ. Құдай сақтасын. Жаздай жұмыстар атқарылды. Көлдің басында экскаваторлар жұмыс істеді. Олар жаздай жерді қазып суды жіберіп отырған.77 мың текше метр суды 26 мың текше метрге дейін түсірген.Соның арқасында қазір су аз келді. Енді, қазір жоғары жақтан хабар беріп жатыр, көлден аққан су тоқтады.Өзінің қарқынымен ағып келеді. Мына бөгетке дейін 22 шақырым, су өзен арнасымен ағады деп ойлаймыз. Ешқандай қауіп жоқ. Сумен ешқандай тас ағып келе жатқан жоқ. Жәй ағынды лай су келіп жатыр. Судың көлемі қалыпты жағдайда. Қазір мамандар тікұшақпен жоғары жақтан тағы да көріп шығады. Тұрғындар үшін ауыз су мәселесі де шешіледі. Қаладан тасымалдайтын болады. Алматы су мекемесінің басшысы да осында. Қазір 30 су таситын көлік белгіленді. Су құбырлары жөнделеді. Наурызбай ауданының халқымен кездесуге бара жатырмын. Сол кісілерге өзім барып мән-жайды түсіндіремін. Қажет болса осында қайтып келемін. Қарқынды су екі сағатта бәсендейді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Jebeu.kz




Пікір жазу
  • Сабыржан Мұxамедxанұлы "Құрметті құрылысшы" төсбелгісімен марапатталды
    Мемлекет басшысы экономикалық мәселелер бойынша кеңес өткізді