Бердібек Сапарбаев Премьер-Министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды

Уақыты: 2019-08-20 Көрлімі: 209 Сипаттама

Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хаб...

2019_03_23-079-01_001.jpg

Бердібек Сапарбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Б.М. Сапарбаевты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы

 Бердібек Машбекұлы Сапарбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылсын. 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 

***

Бұған дейін Мәжілісте Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысы өтті. Онда депутаттар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындау үшін Бердібек Сапарбаевтың кандидатурасына келісім берді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес қаралды. Кандидатураны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы Ғалымжан Қойшыбаев ұсынып, Б. Сапарбаевтың мол тәжірибесі мен кәсіби біліктігін атап өтті. 

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ұсынған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына Бердібек Машбекұлы Сапарбаевты тағайындау үшін ұсынылды.

 Отырыс соңында депутаттар кандидатқа алдағы жұмысында табыс тіледі.


Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Жалпы ішкі өнім 104,1%-ды құрады
    Ақордада әлемдік және отандық IT саладағы негізгі трендтер талқыланды

    Ұқсас тақырыптар