Гонконгтің жағдайы ушығып барады

Уақыты: 2019-10-06 Көрлімі: 624 Сипаттама

Hongkong басшысы Hongkongдағы толассыз ереуілдерге мұрындық болған “күдіктілерді құрлыққа эк...

DBEEE119-91FC-4927-9965-497D249E09FF.jpeg

Hongkong басшысы Hongkongдағы толассыз ереуілдерге мұрындық болған “күдіктілерді құрлыққа экстрациялау заңын” жуықта ғана, ҚХР-ның құрылғандығының 70 жылдығын тойлауға тақағанда талқылаудан алып тастаған-ды. Hongkong әкімшілігі мен ҚКП бас көтерулердің осымен саябырсуынан үміттенген болатын. Алайда, мереке қарсаңында ереуілшілермен полицейлердің арасындағы қақтығыс шиеленісіп, полицейлер қару қолдануға барған. Нәтижесінде, 18 жасар мектеп оқушысыжараланып, халықтың ызасын онан ары қоздырған. Отқа май құйғандай, 4 қазан күні Hongkong әкімшісі “бетті бүркемелеуге шектеу қою ережесін”енгізетінін және оның 5 қазан таңғы сағат 0-ден бастап күшіне енетінін мәлімдеді. Аталмыш ережені бұзғандарды 1 жылға бас бостандығынан айыру немесе 25 мың юанындық айыппұл төлеу жазасы күтіп тұрғанын ескерткен. Сонан кейін-ақ ереуілшілер 18 ауданында тұтастай және бір мезетте қозғалып, жолдарды жауып, пойыз бен метро бекеттерін басып алуға көшті. Бетін бүркеп ереуілге шыққандарбұрынғыдан да көбейді. Кейбір аудандарда “Hongkong уақыттық үкіметі мәлімдемесі” аталатын құжат жарияланып, онда Бейжіңнің шеңгеліндегі Hongkong қазіргі үкіметінің арал халқының мүддесіне уәкілдік ету қабылиетінен айырылғаны, арал билігінің уақыттық үкіметке өтетіні көрсетілген. Ереуілшілердің ұрандары да “Hongkongдықтар ояныңдар” дегеннен “Hongkongдықтар қарсыласамыз” деген мәтінге ауысқан. агенттігінің хабарлауынша сенбі күні Қытайдың Hongkongда тұратын армиясы қауырт тәртіпке көшірілген.

Жебеу-ақпарат


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: Азиядағы қақтығыстар таза ауыз су көздерін бақылауға қарай ойысуы мүмкін
    Қасым-Жомарт Тоқаев Болгарияның Вице-президенті Илияна Йотованы қабылдады

    Ұқсас тақырыптар