Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтасттың жаңа бағдарламасы талқыланды

Уақыты: 2019-10-17 Көрлімі: 148 Сипаттама

Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған жа...

3d0e9b8481e7332357c2cfa4533e61b1.jpg

Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың 2021-2025 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы талқылануда.  Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Нұр-Сұлтан қаласында орнықты даму саласындағы стратегиялық жоспарлау бойынша мәжіліс өтуде. Мемлекеттік органдар, БҰҰ елдік бағдарламасы, азаматтық қоғам және ғылыми топтар өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан екі күндік отырыстың мақсаты – Қазақстан мен БҰҰ арасындағы орнықты даму саласындағы 2021-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасының негізгі контурлары мен басымдықтарын анықтау болып табылады.

Отырыстың ашылуында сөз сөйлеген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев айқындаған Қазақстанның дамуының негізгі басымдықтары жайлы баяндады. Атап айтқанда, еліміздің тұрғындарының экономикалық әл-ауқаты мен әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы атап айтылды. Отырыс қатысушылары БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру және 80%-ы стратегиялық мемлекеттік құжаттар мен бағдарламаларға енген Орнықты даму мақсаттарын локализациялау бойынша Үкіметтің жұмысымен таныстырылды.

БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Норимаса Шимомура Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық деңгейін және еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы жетістіктерін жоғары бағалап, жаңа стратегиялық құжат өзара серіктестікті одан әрі нығайту үшін жақсы негіз болатытына сенім білдірді.  

Jebeu.kz

  


Пікір жазу
  • Cыроежкинді Қазақстан азаматтығынан айырды
    Қасым-Жомарт Тоқаев Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті