Қ.Тоқаев: Алматы тәуелсіздік жылдары республикалық бюджеттің донорына айналды

Уақыты: 2019-10-29 Көрлімі: 1243 Сипаттама

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді....

74313601_2384858598304225_1682835304026734592_n.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Президент бүгін «Жаңа Алматы» бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, «Балалар үйінің» тәбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сонымен қатар «Tech Garden» инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Алматы қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңеcте президент Алматы қаласының  ұлттық экономиканы дамытуға зор үлес қосып қосып келе жатқанын айтып өтті. 

"Алматы – Тәуелсіз Қазақстанның іргесі қаланған қастерлі мекен. Бәріміз үшін бұл шаһардың орны бөлек.ьМұнда ел тағдырына қатысты маңызды әрі тарихи шешімдер қабылданды. Ата заңымыз, мемлекеттік рәміздер, ұлттық валютамыз осында бекітілді. Бүгінде Алматы білім, ғылым, мәдениет және іскерлік орталығы ретінде дамып келеді. Соңғы жылдары қалаға жаңа аумақтар қосылып, көлемі 2 есеге ұлғайды. Халқының саны 20 пайызға өсіп, бір миллион сегіз жүз мың адамға жетті. Қалада басқа өңірлерден келген және осы төңіректе тұратын жарты миллионға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Бүгінде дүниежүзіндегі 600 қалалық агломерация әлемдік ішкі жалпы өнімнің үштен екісін өндіріп отыр. Біздің шаһарларымыз да ұлттық экономиканы дамытуға зор үлес қосып келеді. Бүгінгі таңда еліміздің ішкі жалпы өнімінің үштен бірі Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларына тиесілі. Алматы тәуелсіздік жылдары ірі экономикалық орталыққа және республикалық бюджеттің донорына айналды. Шаһар ішкі жалпы өнімнің бестен бірін, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің 20 пайыздан астамын және банктер беретін несиенің 60 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, еліміздегі көтерме және бөлшек сауданың 40 пайыздан астамы, сыртқы сауда айналымының 15 пайызға жуығы осы қалада жүргізіледі. Қала инвесторлар үшін қолайлы ірі өңірлік орталыққа айналды. Қазір Алматыда банктердің, халықаралық ұйымдар мен трансұлттық компаниялардың бас кеңселері орналасқан. Осында ашылған Біріккен Ұлттар Ұйымының 17 мекемесінің өкілдіктері Орталық Азияның өңірлік хабына айналып отыр. Қаланың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық мәселелеріне қатысты ауқымды жұмыс жүргізілді. Алдағы уақытта бұл бастамалар жалғасын табуы тиіс",-  деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік көмек қалай көрсетіледі?
    «Nur Otan» партиясы мұғалімдерге қолдау көрсету жұмыстарын күшейтеді