Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Уақыты: 2019-11-05 Көрлімі: 54 Сипаттама

Түркістан облысына сапары барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен ко...

04-11-2019-turkestan0002.jpg

Түркістан облысына сапары барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті, деп Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлаймыз. 

Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды.

- Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, жағдай бұған жол бермеді. Бүгін бұл қала облыс орталығына айналды, шаһарды жандандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан - түркі әлемінің бесігі. Бауырлас түркі мемлекеттері де бізге көмектеседі деп сенемін, - деді Елбасы.

04-11-2019-turkestan0003.jpg

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүкіл қала бойынша жүріп жатқан құрылыс қарқынының жоғары екенін атап өтті.

- Бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 102-cі биыл іске қосылады. Бұл процеске еліміздің барлық өңірлері қатысып жатыр, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы облыс орталығының құрылысы мен жандануына ат салысып жатқан барша жұртқа алғысын білдірді.

- Барлық жоспарланған нысандардың құрылысы аяқталғаннан кейін біз туристердің көбеюін күтеміз. Сонымен қатар, қосымша жұмыс орындары ашылады. Мұның бәрі біздің халқымыздың өмір сүру деңгейіне оң әсер етеді, - деп түйіндеді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Концерт соңында Нұрсұлтан Назарбаев қолөнершілердің көрмесін аралап көрді. Онда әлемнің 20 елінен келген шеберлердің жұмыстары ұсынылған.


Пікір жазу
  • Өзбекстанның ең үлкен қарызы Қытайға тиесілі
    Әлихан Смайылов Шанхайда ІІ Қытай халықаралық импорт көрмесінің ашылуына қатысты