Президент Жолдауының алғашқы нәтижелері баяндалды

Уақыты: 2019-12-09 Көрлімі: 467 Сипаттама

Елордада «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі...

11394621.jpg


Елордада «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Президент Жолдауын іске асыру мәселелері туралы ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды.

Конферанцияда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын іске асырудың алғашқы нәтижелері баяндалды.

«Саяси тұрақтылық, ұлттық қауіпсіздік және ел азаматтары алдындағы биліктің жауапкершілігін арттыру Мемлекет басшысы саясатының негізгі бағыттары болып саналады. Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел және тиімді жауап беретін билік пен қоғамның тұрақты диалогын құру негізінде жатыр», - деді ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев.

 ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыруда үлкен жұмыстар атқарылғанын жеткізді.

"Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру үшін Жалпыұлттық жоспар қабылданды. Ол 81 іс-шарадан тұрады. Бұл 5 негізгі бағыт бойынша нақты шаралар: заман талабына сай тиімді мемлекет; азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету; қарқынды дамыған және инклюзивті экономика; әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі; қуатты өңірлер – қуатты ел. Биыл Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларда көрініс тапқан 5 жылға арналған  жаңа мемлекеттік бағдарламалар әзірленді. 2019 жылы Қазақстан экономикасы жақсы нәтижелер көрсетіп отыр. Бізде экономиканың өсуі бар. ЖІӨ маусым айында 2,9%-дан 4,1%-ға дейін өсті, ал 10 айдың қорытындысы бойынша өсім 4,4%-ды құрады", - деді Ұлттық экономика министрі Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.


Оның сөзінше экономикалық белсенділіктің артуы көбінесе шикізаттық емес сектор өндірісі көлемінің ұлғаюымен негізделеді. Оның ЖІӨ өсуіндегі үлесі 4,4%-дан  3,8 проценттік тармақты құрады.

Екі таңбалы өсім жеңіл өнеркәсіпте және фармацевтикада, сондай-ақ машина жасауда байқалады. Пайыздық өсім бойынша нақты көрсеткіштер бар. Мысалы 34 мың жеңіл автокөлік жиналған, бұл бұрынғыдан 1,5 есеге артық, ал жүк көліктерін құрастыру 3,4 есеге өсті. Жалпы өндірістік белсенділік еңбек нарығының көрсеткіштеріне оң әсер етті. Ағымдағы жылдың қазан айында жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ті құрады. Халықтың нақты табысы өсіп келеді, - деді министр.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізді
    Тоқаев: Жастардың дамуына жағдай жасау – Президент ретіндегі басты міндеттерімнің бірі

    Ұқсас тақырыптар