Қазақстан тауарлары Alibaba және eBay сауда алаңдарына шығады

Уақыты: 2019-12-24 Көрлімі: 763 Сипаттама

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2020 жылы 100 қазақстандық к...

eb754524364395cf5215b2967942a472.png

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, 2020 жылы 100 қазақстандық кәсіпорын «алтын жеткізуші» мәртебесімен Alibaba және eBay  платформасына кіреді. 
Министрдің айтуынша, Alibaba сауда алаңына шығуға көмек көрсетілетін 50 кәсіпорын іріктеліп алынды.

«Интернет-экспортер мектебі» бағдарламасы іске қосылды. Оның мақсаты — Alibaba.com, eBay.com сияқты халықаралық электрондық сауда алаңдарында қазақстандық тауар өндірушілердің санын арттыру және дамыту. Біз жұмыс жүргізіп, Alibaba-ға шығуға көмектесетін 50 кәсіпорынды іріктеп алдық. Келесі жылдың қаңтарынан бастап 50 кәсіпорын «алтын жеткізуші» мәртебесімен Alibaba халықаралық платформасына шығарылады, ал тағы алты компания Ebay және Etsy-де ұсынылған. Біз келесі жылдың соңына дейін Alibaba-да тағы 50 компанияны іске қосқымыз келеді. Бұл бізге осы алаңда қазақстандық павильон құруға мүмкіндік береді. Осы 100 алтын сертификат біздің еліміз нақты павильон түрінде ұсынылуы үшін жеткілікті пул қалыптастыруға мүмкіндік береді»,- деді Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде.

Оның айтынша, қазіргі уақытта ҚР Сауда министрлігі Wildberries компаниясымен Нұр-Сұлтан мен Алматыда компанияның логистикалық орталықтарын салу мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

«Олардың болуы көлік шығындарын қысқартуға және Ресейге, Беларуське, Қырғызстанға, Арменияға және одан әрі Өзбекстан мен ЕО елдеріне қазақстандық тауарларды өткізу арналарын кеңейтуге мүмкіндік берер еді. Қазақстан аумағы арқылы Қырғызстан мен Өзбекстан тауарларының транзиттік ағыны артады, бұл өз кезегінде жол бойындағы сервистерді дамытуға серпін береді»,- деді министр.

Сұлтановтың айтуынша  экономиканың түрлі салаларындағы 16 қазақстандық компания Wildberries платформасында тіркеліп, 590 жергілікті өнім ұсынылған.

Жалпы, Қазақстанда электрондық коммерцияны дамыту бойынша жол картасы әзірленуде,оның мақсаты 2025 жылға қарай оның үлесін бөлшек тауар айналымының 10%-на дейін ұлғайту.



Пікір жазу
  • Тоқаев: Біз сындарлы диалог арқылы жаңа саяси мәдениеттің негізін қалыптастырып жатырмыз
    2023 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын кәсіпкерлікті тексеруге мораторий енгізді

    Ұқсас тақырыптар