Қасым-Жомарт Тоқаев: Иран билігінің өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды

Уақыты: 2020-01-13 Көрлімі: 187 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мой...

Снимок.JPG

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран билігінің әуе апатына байланысты өз кінәсін мойындауы маңызды шешім болды деді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Иран билігінің бірқатар мемлекет азаматтарының өмірін қиған әуе апаты үшін өз кінәсін мойындауы - маңызды шешім болды. Бейбіт азаматтарды да құрбан қылатын шиеленісті бәсеңдету үшін, қалыптасып отырған жағдайда барлық тараптар ұстамдылық танытуы керек»,-деп жазды ҚР президенті. 

Осыған дейін Иранда 180 жолаушысы бар Украина ұшағы құлаған болатын. Құлаған Украина ұшағындағы жолаушылардың барлығы мерт болғаны анықталған. Канада премьер-министрі Иран жолаушылар лайнерін абайсызда атып жіберу мүмкін деген болжамын жариялаған. 11 қаңтарда Иран Иран Қарулы Күштерінің Бас штабы Тегеран маңында құлаған ұшақты Иранның Әуе қорғаныс күштері қызметі зымыранмен байқаусызда атып түсіргенін мәлімдеді. Иран Президенті Хасан Роухани Украина ұшағының құлауына кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылатынын айтты.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Мемлекет басшысы Парсы шығанағы аймағындағы ахуалға байланысты кеңес өткізді
    Президент сот жүйесін реформалауды жалғастыру жөнінде тапсырма берді