Қазақстан халқының саны бір жылда 1,3 пайыз өскен

Уақыты: 2020-01-16 Көрлімі: 931 Сипаттама

Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық экономика ми...

1518786191_article_b.jpeg

Қазақстан халқының саны бір жылда 234 мың адамға көбейді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитетінен мәлім етті.

«2019 жылғы 1 желтоқсанда еліміздегі халық саны 18 млн 611,1 мың адам болды. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 875,7 мың (58,4%), ауылдықтар – 7 млн 735,4 мың адам (41,6%)» делінген ведомство ақпаратында. 

Таратылған мәліметке сәйкес, 2018 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 234,9 мың адамға немесе 1,3 пайызға өскен. Қарастырылған кезеңде ең көп жалпы өсім еліміздің 3 өңірінде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан (61,7 мың адам), Алматы қалаларында (57,8 мың адам) және Түркістан облысында (38,4 мың адам) тіркелді.

Jebeu.kz

Пікір жазу
  • Президент сот жүйесін реформалауды жалғастыру жөнінде тапсырма берді
    Денсаулыққа зиян болмауы үшін қанша сағат ұйықтау керек?