Коронавирустан 2 жарым мыңға жуық адам қайтыс болды

Уақыты: 2020-02-24 Көрлімі: 1247 Сипаттама

Қытайдағы таралып жатқан короновирустың аса қатерлілігін, еліміздің онымен ірге көрші...

1CzbRcZQ.jpg

Қытайдағы таралып жатқан короновирустың аса қатерлілігін, еліміздің онымен ірге көрші екенімізді және бұл елмен тауар тасымалына шектеу қойылмағандығын ескере отыра, сайтымыз аталмыш індет жайлы ақпараттармен  күнделік бөлісіп отыруды жөн санады.

2020 жылы 23 ақпан Нұр-сұлтан уақыты 14 сағатқа дейін вирус Қытайда 77044 адамға жұғып, 2445 кісінің өмірін жалмаған. Әлемнің 28 елінде 1735кісіге жұғып, 18 кісі опат болды. Жапония(770), Корея(567), Сингапор(89), Италия(79),Тайланд(35) елдеріндегі жағдай ушығып тұр.

2020 жылы 16 қаңтарда Сингапордан жолға шығып, 15 ақпанда Жапонияның Yokohama портына жетуі жоспарланған MS Westerdam лайнері 15 ақпанда Камбоджаның Sihanoukville портында тоқтады. Онда жершарының 3 материгінің 7 елінен жиналған 1455 жолаушы және 802 лайнер қызметкерлері болған. Жолаушылар арасында короновирус жұқтырғандардың болуынан алаңдаған Жапония, Филлипин, Тайланд елдері лайнерді қабылдауға жүректері дауаламаған. Осы лайнерді ешқандай дайындықсыз қабылдаған Камбоджа елі 2200 кісінің кемеден түсулеріне, 1254 кісінің Камбоджадан елдеріне қайтуларына жол берген. Олардың елдеріне түзу қайтқандығы-қайтпағандығы, болмаса, вирус жұқтырғандығы-жұқтырмағандығы жайы ешкімге беймәлім! Ал осы лайнерден түскен 83 жастағы Америкалық әжей Малайзияның Куала Лумпур қаласына жеткенінде оның короновирус жұқтырғандығы анықталған.

Jebeu.kz


Пікір жазу
  • Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшісі қызметіне тағайындалды
    ҚР Президенті Дархан Қалетаевқа бірқатар тапсырма берді