Короновирус вакцинасының табылғандығы хабарланды

Уақыты: 2020-02-26 Көрлімі: 1392 Сипаттама

25 ақпанға дейін короновирус (Covid-19) 78064 кісіге жұғып, оның 2715-і қайтыс болды. Кореяда оны ж...

p082840s.jpg

25 ақпанға дейін короновирус (Covid-19) 78064 кісіге жұғып, оның 2715-і қайтыс болды. Кореяда оны жұқтырғандар саны 1146-ға жетіп, 11 адам көз жұмды. Жағдайы ұшқынып тұрған Италия мен Иранда вирусты жұқтырғандар 322 және 95 адамға жетіп, одан опат болғандардың саны (10 және 15)  жылдам артып отыр.

Қытайда індетті жұқтырғандар санының біртіндеп азайып келе жатқандығын растаған WHO мамандары, вирустың қазірше әлемге ауқымды таралу дәрежесіне жетпегенімен, ондай ықтималдықты жоққа шығаруға да болмайтындығын, сақтық шараларын пысықтауға әлем болып жұмылу керектігін ескертеді.

Аталмыш вируспен адамзаттық күрес барысында, үрейллі ақпараттар ғана емес, игі ақпараттар да жетуде. 24 ақпанда АҚШ биологиялық технологиялармен маманданған Moderna компаниясы өздері тапқырлаған Covid-19 вирусын емдеуге арналған тұңғыш mRNA-1273 вакцинасын АҚШ сезімтал және жұқпалы аурулардың ұлттық орталығына (NIAID) жеткізгендігін хабарлады. NIAID меңгерушісі Anthony Fauci сәуір айынан кешіктірмей 20-25 еріктіге сынақ жасайтындықтарын, оның нәтижесінің шілде-тамыз айларында белгілі болатындығын мәлімдеді. Мұнан бұрын жұртшылық АҚШ Gilead Sciences фирмасының Remdesivir өнімінің емдеу сынағына тартылғандығынан хабардар-ды. Қытайдағы вирус ошағы “У хан қаласындағы емханаларда сынақтан өтіп жатқан бұл өнімнің өнімділігін 27 сәуірде білетін боламыз” дейді ҚХР зияткерлік құқықтар мекемесінің басшылары. Тағы осы 24 ақпанда Қытайдың Тian jin университеті биология академиясының профессоры Huang jinhai өз командасының аталмыш вирусқа қарсы ішуге арналған вакцина /RBD-FP/ тауып шыққанын және вакцина үлгілерінің дайын екендігін мәлімдеп отыр.

Jebeu.kz

 

 


Пікір жазу
  • Елімізде сатылған әр үш автокөліктің екеуі Қазақстанда шығарылған
    Мемлекет басшысы Сауат Мыңбаевқа жолаушылар тасымалының сапасын арттыруды тапсырды