Тоқаев: Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік жиын мен концерт өтпейді

Уақыты: 2020-03-03 Көрлімі: 476 Сипаттама

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласынд...

Снимок.JPG

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдағанын хабарлады. Бұл туралы мемлекет басшысы twitter парақшасында жазды.

«Халықаралық әйелдер күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында жоспарланған салтанатты жиын мен мерекелік концертті өткізбеу жөнінде шешім қабылдадым. Бұл әлемде коронавирустың таралуына байланысты қауіпсіздік шарасы үшін жасалып отыр. Ардақты аналар мен аруларға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін», - деді Тоқаев.


Пікір жазу
  • Короновирус қатері аса жоғары деңгейде деп жарияланды
    Елде маска неге тапшы