Қазақстанда 27 адамның коронавирус жұқытрғаны анықталды

Уақыты: 2020-03-17 Көрлімі: 71 Сипаттама

Қазақстанда Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам анықталды. Алматы қаласы бойынша...

9fedb2e263604cde7014130e9d8d9dac_original.55810.jpg

Бүгін Қазақстанда Коронавирус індетін жұқтырған тағы 17 адам анықталды. Алматы қаласы бойынша  бүгін тағы 3, Нұр-Сұлтаннан 14 науқас тіркелді. Осы уақытқа Аламты қаласында 11 адам, Нұр -  Сұлтан қаласы бойынша 16 адам, жалпы 27 науқас тіркелді, бұл туралы ҚР Денсулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ елде стационарлық карантинде - 1 мың 665 адам, үй карантинінде - 1076 адам жатыр.  ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 745 адам алынды, оның ішінде 1 «а» санаты бойынша – 1 мың 706, 1 «б» санаты бойынша – 656, 2-ші санат бойынша – 383 адам.

Мониторингке алынған 2 мың 745 адамның 648-іне бақылау тоқтатылды.

16 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 2 мың 097 адамға мониторинг жүргізуде.

Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 132 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 40 адам, 2-ші санат бойынша – 43 адам, 3-ші санат бойынша - 49 адам.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.

Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай

Әлемде 157 елде 169 374 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде:

- ҚХР-да 80 860 (тәулігіне - 16 жағ.) жағдай (күн сайынғы өсім – 0,02%), оның ішінде - 3 213 өліммен аяқталған (өлім көрсеткіші – 3,9%). 66 490 адам жазылған (82,2%). Стационарларда 10 157 науқас қалады;

- әлемнің басқа елдерінде – 88 514 (круиз лайнерін қоса алғанда) оқиға (күн сайынғы өсім – 17,0%  құрады), оның ішінде – 3 302 өліммен аяқталған, өлім көрсеткіші-3,7 %.

  • 1 «а» санаты бойынша:

- Италияда - 24 747 оқиға (тәулігіне - 3590 жағ. өсім – 16,9%), қайтыс болғандар – 1 809 (тәулігіне – 368, өсімі – 25,5%);
- Иранда – 13 938 оқиға (тәулік ішінде - 1209 жағ. өсім – 9,5%), қайтыс болғандар - 724 (тәулігіне - 113, өсім - 18,5%);
- Оңтүстік Кореяда – 8 162 оқиға (тәулігіне - 76 жағ. өсімі – 0,9% - ға), қайтыс болғандар саны – 75 (тәулігіне – 3, өсімі – 4,1%).

1 «б» санаты бойынша:

- Испанияда - 7 845 оқиға (тәулік ішінде – 1 454  жағ.өсім - 22,7%), қайтыс болғандар – 292 (тәулік ішінде - 97, өсім - 49,7%);

- Германия – 5 813 оқиға (тәулік ішінде – 1214 жағ. өсім – 26,4%), қайтыс болғандар саны – 11 (тәулігіне – 2, өсім 22,2%);

- Францияда - 5 423 оқиға (тәулігіне – 954 жағ. Өсім - 21,3%), қайтыс болғандар - 127 (тәулік ішінде - 36, өсім – 39,51%).

2-ші санат бойынша:

- Швейцарияда – 2 217 оқиға (тәулігіне – 842 жағ. өсім -61,2%), қайтыс болғандар - 14 (тәулік ішінде - 1, өсім – 7,6%);

- Нидерландта – 1 135 оқиға (тәулік ішінде – 176  жағ.өсім - 18,3%), қайтыс болғандар – 20 (тәулік ішінде - 8, өсім - 66,6%);

- Ұлыбританияда – 1 391 оқиға (тәулік ішінде – 251 жағ. өсім – 22,0%), қайтыс болғандар саны – 35 (тәулігіне – 14, өсім 66,6%).

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:

- қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;

- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;

- сырқат адамдарға жақындамау;

- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.

Ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және Фейсбуктегі парақшасынан оқи аласыздар және өзге де сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 байланыс-орталығына қоңырау шалуға болады.

ҚХР бойынша ресми  дерек http://www.nhc.gov.cn/yjb/new_index.shtml

Басқа елдер бойынша дерек  https://www.worldometers.info/coronavirus/#age


Пікір жазу
  • Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді
    Абылай Мырзахметов кәсіпкерлер бетпе-бет келген басты қиындықтарды атады

    Ұқсас тақырыптар