42 500 теңгелік әлеуметтік төлемге қалай өтініш беруге болады?

Уақыты: 2020-04-03 Көрлімі: 3851 Сипаттама

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде табысына...

92241333_1309078612630092_4577147703909154816_o.png

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуға байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) берілетін төлемдерге өтініштер беру үшін жаңа сервис құрғанын хабарлады. Министрліктің хабарлауынша енді әлеуметтік төлемге https://42500.enbek.kz сайты арқылы өтініш беруге болады. 

МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2) «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;

3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;

4) нысанды (форма) жіберу керек;

5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;

7) өтініш жіберілді.

Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдайлар кезінде табысынан айырылу жағдайына байланысты МӘСҚ-тан әлеуметтік төлем келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:

- орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

- жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

- бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

- карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.


Пікір жазу
  • 42,5 мың теңге кімге, қалай беріледі?
    Карантин нәтижесі: Республика бойынша вирус жұқтырған науқастар өсімі төмендеді